Дәркен Танабаев

Өмірдерек


Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қалалық филиалының директоры балалар ақыны Дәркен Танабаев 1968 жылы 17 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданы, «Кемеқалған» ауыл әкімдігіне қарасты «Әңгірата» ауылында дүниеге келген. 1974-1984 жылдары Төлеби ауданы Абай орта мектебінде оқыған. 1984-1990 жылдары ҚАзПТИ «мұнай» факультетін бітірген. 1990-1992 жылдары «Құмкөл мұнай қазу экспедициясында» бұрғышы; 1992 жылдан күні бүгінге дейін «Шымкент мұнай өңдеу» зауытында насос қондырғыларының машинисі қызметін атқарып келеді. 2022 жылы 28 ақпанда Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қалалық филиалының директоры болып тағайындалды.
«Қызға ғашық жүрегім» (1999), «Ана-жер ана» 2001), «Қазығұрт» (2003), «Таңғы шуақ» (2010), «Мәуелі бақ» (2017) атты өлеңдер жинағы жарық көрді. 2006жылы «Абай оқулары» байқауында Алматы қаласы әкімінің арнайы жүлдесін, 2007-2008 жылдары Астанада өткен «Астана-Бәйтерек» балалар әдебиеті бойынша республикалық байқауының жүлдегері, 2011 жылы Алматы қаласында өткен «Алтын қалам» балалар шығармасы бойынша «Жылдың үздік жүлдегері» атанған. 2012 жылы драмалық шығармалардың республикалық байқауында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің арнайы жүлдесін иемденді. 2021 жылы «Бір қала-бір кітап» акциясына Дәркен Танабаевтың жыр жинақтары енді. Ақын Дәркен Танабаевтың «Шым қалам», «Айзерем», «Ұялы телефон» өлеңдеріне әнші-сазгерлер Ержан Серікбаев, Өмірзақ Оспанов, Бағдат Алтай әндер жазылған.