Серәлиев Нәсредин

Асыл сөз


«Проза сырына қаныға келе бір шындыққа көзім жеткен: басымнан кешкен оқиғаларды, балалық, жастық шағымда көргендерімді әңгімелеп бере алсам, дегеніме жетеді екем, байқап тұрсам, біздің балалығымыз өткен шақ ұрпаққа үлгі-өнеге болар оқиғаларға бай ерекше уақыт екен. Ұлы Отан соғысы тұсында біз бұғанасы қатпаған бала едік. Үлкендер майданға кеткен, үлкендер істейтін шаруаны біз істедік: егін салдық, астық бастырдық, шөп шаптық, масақ тердік, сөйтіп еліміздің фашизмді тізе бүктіруіне болыстық. Біз балалық дегеннің не екенін білмей өстік, ойнайтын ойынымызға дейін сол кездегі жұмысқа, жағдайға ыңғайлас болатын, біріміз колхоз бастық, біріміз бригадир, біріміз озат колхозшы, енді біріміз жалқау болып ойнайтынбыз, оның бәрін ауылдағы оқиғаларға ұқсататынбыз. «Соғыс» ойынын ойнап, фашистер жағын «қырып-жойып», кейде «тұтқындап» мәз-мейрам болатынбыз.»