Серәлиев Нәсредин

Туындылары


Мейірімді қыз

Бірде колхоз кеңсесіне келе жатып, көшеден ойыншық тауып алдым. Қуыршақ. Басына көк тақия, үстіне ақ көйлек кигізіп құнтитып қойыпты.
«Бір балақай ойнап жүріп ұмытып кетті – ау!»- деп жан – жағыма алақтай қарадым. Көшенің оң қапталындағы қызыл қақпадан төрт – бестаер шамасындағы қыз бала жүгіріп шыға келді. Е, қуыршақ осы баланікі болды... Мен солай қарай жүрдім.
Дөңгеленте қиған қара шашы желбіреп, топ – томпақ қара қыз алдымнан шықты.
- Жөндеп көтермейсіз бе? – деді қарсы келген бетте бұртия тіл қатып.