Серәлиев Нәсредин

Туындылары


Шәкеннің ағасы

Шәкеннің Бекен даган ағасы бар еді. Шешелері: «Бөліп жей қойыңдар», - деп еукеуіне нан берсе, Бекен інісіне кілең күйігін ұстатып:
- Күйігін сен же, ақылды боласың, - дейді екен. Шәкен ағасына сенеді де, нан күйігін жеп қояды. Бірде шешелері ет берсе, ағасы тағы да жіліктің етін сыдырып алады да, інісіне:
- Мынаны мүжіп қой, ақылды боласың, - деп қу сүйекті ұстатады.
Інісі бұған да сенеді.
Өстіп жүргенде бір күні мектептен келген Бекенге шешесі: «Қашан сенің ақылың кіреді, сабақты неге дұрыс оқымайсың?» - деп ұрсады.
Естігенін Шәкен ішіне түйеді.
Кез келіп ағасы екеуі бір сары торламаны жарғалы ортаға алады. Тағы да Бекен інісіне:
- Мен жүзін жейін, сен қыртысын же, ақылды боласың, - дейді.
- Жоқ, аға... сен қыртысын же, сабақты жақсы оқу үшін ақыл керек, - дейді кеспелерді өз алдына тартып Шәкен.
Бұл жолы ағасына қауын қыртысы бұйырады.