Жастар шығармашылығы

Untitled Document


Тастанов Әбділда  



Тастанов Әбділда Дәулетбекұлы 1992 жылы 8 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы,  Абай ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Шымкент қаласы «Қазығұрт» мөлтекауданындағы № 66 «Қазығұрт» орта мектебіне барған. 2005 жылдан, 7 сыныптан бастап Шымкент қаласындағы № 1 облыстық дарынды балалар үшін мамандандырылған мектеп-интернатына барды.

Әбілда облыстық жасөспірімдер кітапханасы жанынан ашылған «Жас өркен»  шығармашыл жастар клубының белсенді мүшесі. Оның өлеңі Қазақстан Жазушылар Одағы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, ақын Әбілда Аймақ атындағы мүшайрада жұлделі орындардың біріне ие болды. Әбілда жан-жақты, ізденімпаз оқушы, пән олимпиадаларына, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысады.  



    

Шығармалары


Ақын аға Әбілда.


Беделді ағам қатарының арасында,
Дүрілдетті Оңтүстік қаласын да.
Колпаштайық ақынды шын жүрекпен,
Әлдилеген жырымен кәріні баласын да.

Осы сағат біздерді жолықтырған,
Осы мезгіл көңілімді толықтырған.
Кездесуде мен Сізге тілейтінім,
Қартаймасын жүргіңіз соғып тұрған.

Өлеңдері тәрбие, сабақ маған,
Аллаһ жырды тегіннен жаратпаған.
Өлендерін ынтамен оқып алып,
Биіктерге самғаймын, қанат кағам.

Өлендері көкке ұшар қанатымдай,
Жүрегім тек өлең деп соғатындай.
Оқымасам егер де өлеңдерін,
Көңілім жетімсіреп қалатындай.

Ағартушы деп айта алам өзінді,
Оқыдым тізбектеген маржан сөзінді.
Оқыдым өмірбаян жағдайын да,
Болыпсыз жұмсақ жүрек, төзімді.

Бойыңызда болыпты асқан дарын,
Зар заманда көріпсіз ғалам тарын.
Ұмытылмайды есіміңіз ақын аға,
Боларсыз жүрегімде оттай жалын.

Ұрпақтарың мүшайрада жырласа –
Өлеңдерің тәрбиелі, толымды,
Жаратушы Аллаһ егер қаласа,
Жалғастырам ізгілікпен жолыңды.