Сарыбаев Қанат
|
ШығармаларыЖАУҚАЗЫН ЖҮРЕК ЖЫРЛАЙДЫАуырып жүрек жылайды, Тәңірден саулық сұрайды. Халқым деп ғана халқым деп, Жауқазын жүрек жырлайды. Жүрегім бүгін мұңайды, Дәрменсіз адам сыңайлы. Қиындық - қылыш мойымай, Жауқазын жүрек жырлайды. Тоқтамай уақыт зулайды, Өткізіп қанша мың айды. Емдеуге жанның жарасын, Жауқазын жүрек жырлайды. Өмірім толы мұң- қайғы, Теңіздей толқып тулайды. Ағысы асау өзендей, Жауқазын жүрек жырлайды. ПОЭЗИЯПоэзия өмірімнің бар мәні, Поэзия жүрек қалау арманы. Поэзия жастығымның жалауы, Поэзия Муза ағаның алауы. Поэзия батпан байлық халқымда, Поэзия атқан таңдай жарқылда. Поэзия арқа сүйер нар тұлға, Муза ағаның ізбасары артында. Сезімдерге берілген сан ойларым, Енді ғана мен өлеңге бойладым. Өмірімнің бір бөлшегі ретінде, Поэзия сені мәңгі қойғанмын! Шабытым мен маржан жырым өрілген, Мен де бір күн орын алсам төріңнен. Ақиқатқа айналдырып жалғанды, Армандардың асқары боп көрінген. МЕН АЛЛАНЫҢ ҚҰЛЫМЫН ЖЫРДЫ СҮЙГЕНТыңда оқырман, Құлақ салғың ниетпен Жыр төгеді Жас ақының жүректен. Алла берген тұншықтырмай дарынды. Өнерім мен өмірімді бір еткен Ең әуелі Алла деп жыр жазайын, Оқуға оқырманым болса дайын. Қанатымды қағып мен биіктерге, Қара өлең қазынам деп жар салайын. Ұранымды көтердім бір Алла деп, Жазған жырым халқыма ұнар ма деп Жаратқаным жар болсын төбемдегі, Ел алдына шыққан соң жыр алам деп. Мен өзімді алғыр ақын демес едім, Жай ғана қара өлеңмен кеңесемін. Алла жазса әліде маңдайыма, Азулы ақындармен теңесермін. Өлең жазу өмірлік ұрандарым, Қанатын қағып келед қырандарың. Алланың нұры жаусын баршаңызға, Осылай жүрегімнен жыр арнадым. Қарлығаш жыр кеудем де қанат қақсын, Жұрттың бәрі аузыма қарап бақсын. Алла берген ақындық өнерімді, Халқымның керегіне жаратпақпын ӨЛЕҢІМ САҒАН ҒАНА БАС ҰРАМЫНӨлеңім саған ғана бас ұрамын, Шабытпен мерейіңді асырамын. Ойларымды жырменен өрнектемей, Қалайша, жүрек сырын жасырамын. Мен де өлеңге ұмтылатын бір ақын, Алла атымен алға қойған мұратым. Поэзия өмірімнің бөлшегі, Жүрегімде жаңғырығы тұратын. ҚАМҚОРЫМ ӘКЕ, АЯУЛЫ АНААсқар тау әке, аяулы алтын анашым, Жүректе ләйім өшпестей болып жанасың. Перзентің болып, артыңнан ерген мен сенің, Жаныма жақын ата – атам болып қаласың. Тағдырға жоқ қой, тағдырға жоқ қой таласым, Жазалмай жүрмін жанымның ауыр жарасын. Ата- анаңдай қамқор болар жандарды, Бұл жалғанда іздесең қайдан табасың? Қамқорым әке, аяулы анам қайдасың, Ұрпағың болып ізіңді ұлың жалғасын Жетімнің жанын кім ұғар дейсің, кім сезер, Ойлайды екен әркімдер өз пайдасын. Сыр менен мұңды кімдерге енді шертемін, Сағынышпенен өтіп жатыр күндерім. «Балам» деген бір ауыз сөзге зар болып, Қиын боп жүр-ау, жағдайын білсең еркенің. АНА ҚҰШАҒЫН АҢСАУКөзіме ана тоқтаусыз келді жас бүгін, Артыңнан еріп келеді міне жас буын. Анаға деген сағыныш тербеп жүректі, Есіміңді жан ана ұлың сенің жыр етті. Келдім ана бүгін бейіт басыңа, Көз жасымды тиялмаймын тұрмын қасыңда. Әміріне амал барма Алланың, Жетім қалдым он бес жасымда. Жасымыздан бізді аялап өсірді, Он бесімде тағдыр жолым шешілді, Енді кімге жеті ұл қыз айтамыз Ана деген аяулы бір есімді. Келмеске ана кеттің ау сен сағымдай, Сен кеткелі жарамда жүр жазылмай. Арамыздан кеткеніңе төрт жыл жүзі толсада, Сағыныштың жүр ғой мауқы басылмай. Сағындым мен сағындым мен анамды, Кім емдейді, кім жазады Жанымдағы жараны? Қалай жетем мен биікке анасыз? Қанаты жоқ құс болдым ау жаралы. Тоңып жүрмін жан ана мен суыққа, Ағайыннан қалды көңіл суыпта. Жабырқаулы жаурап жүрген жанымды. О тәңірім одан әрі суытпа. Амалым жоқ тағдырыма бағынамын, Күн сайын мен анамды сағынамын. Алладан әмір келіп ажал жетсе Жан ана мен жаныңнан табыламын. Ана сенсіз бақытты таң атпаған, Қиын өмір шығармады- ау қақпадан. Қымбатымсың, жанашырым жалғанда, Мен өзіңді жүрегіме сақтағам. ЖЕТІМЕК ҚЫЛЫП ТАҒДЫРЫМ...Табалмайсың- ау анадан артық асыл жан, Қиналған да кім табылар екен қасымнан. Өмірдің талай оқпағымен белесін, Өткізіп келем шарадай ғана басымнан. Көңілім бүгін құлазып тағы жасыған, Айталмай сырды шабытым бүгін тасыған. Жетімдік өмір көрсетіп жатыр көресін, Жағдайым қиын, халқымнан несін жасырам. Айласын тағдыр түлкі боп маған асырған, Алыстан емес, табылар дұшпан қасыңнан. Тағдырым мені еркелет педі – ау қайтейін. Анамдай болып кім сипайды екен басымнан? Атқызам кейде ұйқысыз талай ақ таңды, Досты да көрдім, досым деп жүріп сатқанды. Ауырып жаным, қиналып тағат таппастан, Жаралы жүрек бар сырын жырмен ақтарды. Өткіздік талай сындарлы қиын шақтарды, Дұшпаным қойды – ау алдымнан менің қақпанды. Жеңгемен аға қыспаған көріп бұл ақын, Жоғалып тағы жоқ боп кетуге де шақ қалды. Ауырлау болды- ау жетімдік өмір салмағы. Мойымай бұған көтеріп өтсем болғаны. Көре алмаған дұшпанның күйсін іштері Көрерсіңдер болармын өнер саңлағы. Аялап мені әлпештеп қорғап өсірген Ата – анамның орындалса болды арманы. Кезім көп талай таңдарды жылап атырған, Жаныма жақын шабытты сонда шақырғам. Қиналып жүрмін жалған да ана қайтейін, Жетімек өмір тырнағын маған батырған. Жанарға кейде тамшы жас тұнып тұрады, Тағдырдың көп қой сан – сауалымен сұрағы. Бақытқа қанша талпынсам дағы жетем деп, Жетімдік тағдыр арылмай менен жүр әлі. Халқым үшін қиындықтарда тосқауыл болып тұрамын. Еліме ғана арналар, жүректен шыққан жыр әнім. Жетермін алда мұрат пен арманға өзім көздеген, Ауызымда Аллам, жүректе иман, жанымда болса Құраным. АҚЫН, АҚЫН БОЛА МА?Ақын, ақын бола ма Құлагердей шаппаса? Ақын, ақын бола ма Шындықты ашып айтпаса? Ақын, ақын бола ма Қанатын сермеп қақпаса? Ақын, ақын бола ма Біреудің сөзін жаттаса? Ақын, ақын бола ма Арайлы таң боп атпаса? Ақын, ақын бола ма Жамандықты жақтаса? Ақын, ақын бола ма Елі үшін жыр боп ақпаса? Ақын, ақын бола ма Тұмарғып өлең тақпаса? Ақын, ақын бола ма Халқы бір сенім артпаса? АҚЫНДАРҒАМақтанышы атанатын өңірде, Адалдықтан басқасы жоқ көңілде. Қиыны мен қызығы бар өнердің, Ақындардың бәрі жалғыз өмірде. Ақын деген шындықтың бір бұлағы, Ақын деген туған жердің ұланы. Мына өмірдің қиынына мойымай, Елім деумен көтерілген ұраны. Ақындардың жетілгесін қанаты, Мәңгілікке биік ұшып талмасын. Жүректегі сырға толы жырларын, Дүйім елдің қажетіне арнасын. АУЫЛЫМ АЛТЫН БЕСІГІМТаң атып күннің нұры шашылады, Гүлдері бүршік атып ашылады. Әсем болып тербелген самал желі, Бірақ сәтте ұйқымды қашырады. Төлебидің орын алған төр басынан, Танылған небір жүйрік жорғасынан. Ауылым Айту бабам өскен жері, Саған арнап бұл ұлың жолдасын ән. Ауылым бізге сенім құлатпады, Көңілім саған ғана тұрақтады. Сенен шыққан ғалымда, даналарда, Ашылған небір өнер бұлақтары. Бірлігіміз жарасқан, бұзылмаған қаймағы, Бұл бірліктің қариялар айғағы. Қоңырбөрік бұл ауылым білсеңіз, Тау бөктері, өзен тоғай аймағы. Өзің деп жыр жазамын, ән саламын, Тамаша табиғатың тамсанамын. Қоңырбөрік ауылым алтын бесік, Алыстасам тек сенсің аңсағаным. Еске аламын бабаларды кешегі, Еңбегі бар еленетін еселі. Қасиетті бабалардың рухына, Ұрпақтарың мәңгі тағзым етеді. Риза болса Айту би баба әруағы, Шөберең әлі биіктен танылады. Тұғырлы туған жерім бұл ауылым, Ұлы жүз Албан, Қоңырбөріктердің шаңырағы. Ауылдың маңы аршаға толы шыршаға, Өкінбес адам ауылға келіп қалсада. Ауасы жанға шипа бір болған ауылым, Нұр шашып тұрар көктегі күн баршаға. Бабалардың дәстүрін сақтап өтем, Бастырмаймын пейілі жатқа бөтен. Киелі бабаларым жатқан жерім, Мен әрқашан өзіңді мақтан етем. АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІММектебім алтын ұямсың, Жүрегіме бар нәрсені құярсың. Білім нәрмен сусындатқан шәкіртті, Мектебім алтын ұямсың. Білім теңіз мектеп деген кемесі, Парасат пен алынатын белесі. Асыл мектеп қалды сенің партаңда, Балалықтың, балғын шақтың елесі. Балалығым қалды сенің жаныңда, Шабытым бір шырқап енді жалында. Ештеңеде ұмытылмас бүгінде, Мәңгілікке қаласың сен жанымда Сен бастадың талайлардың қадамын, Сені ойласам жарқылдайды жанарым. Ұстаздарым өнегелі өмірі. Есейсем де сені есіме аламын. ҚАЗАҒЫМАҚазақ деген атымыз бар қайсарлы, Ата-бабам болды емеспе байсалды. Өсек пенен өтірікке бет бұрып, Бұл қазағым ұмытқандай жайсаңды. Өсек айту халқыма жараспайды, Өсек деген шындыққа жанаспайды. Өсек айтып күндесең бір-біріңді, Ақын жыры мұныңмен таласпайды. Өсек айту ол күнә ауыр азап, Қазағым қашанғы енді болар мазақ. Оян қазақ, көзіңді аш, көтер басты, Бұл жайында жырлаған ақын азақ. Білсеңіз ақын босқа жырламайды, Ертеңгі өміріңде болар қайғы. Өсек айтып күндесек бірімізді, Басымызда бақ мәңгі тұралмайды. Бірің жүрсің байларға жағымданып, Бірің жүрсің өсекте майың таңып. Бірің жүрсің дін менен тілден безіп, Бұл ісіңмен боларсың бірде майып. НЕ ЖАЗЫҒЫ БАР ЕДІ ОЛ ЖЕТІМНІҢ...Ақиқатты ашып айтар күн бүгін, Болған жайдың жазайыншы шындығын. Шыдаса да пенде тағдыр тезіне, Айтайыншы бір оқиға сұмдығын. Силы еді ағайын мен бауырға, Байлыға мен мәшһүр болған қауымға. Жетім қызға қой бақтырып зәбірлеп, Обалына қалуыңыз ауырма. Қалың жұрттың қашырмаңыз ырысын, Байлығыңмен кеңеймейді тынысың. Ойламаңыз ақшаменен жабам деп, Әлі талай жауап берерсіз бұл үшін. Ісіңіз бар ел алдында бітпеген, Әлі бәрі аяқталмас нүктемен. Елдің сөзін сөйлер сіздей ақыннан, Қалың жұртың азғындықты күтпеген. Қалдыңыз ғой жетімнің көз жасына, Жол ашыңыз тағдыры тозбасына. Кім кепіл сол арудың бір күндері, Сізден де асқақ болып озбасына. Тәубесіне келер деп мен келемін, Шындықты ашып айтуды меңгеремін. Тірісінде жасаған әр тірлікке, Аллаға есеп берер пенделерім. Жетімдікпен ашқан өмір есігін, Бермесінші енді тағдыр кесірін. Қазақ деген қашаннан да ел едік, Жылатпаған жетім мен жесірін. КІТАПХАНА БІЛІМНІҢ ШАМ - ШЫРАҒЫБілім байлық пендедегі жарасым, Көтерейік оның биік бағасын. Не керектің іздесеңіз барлығын, Жақын досың кітаптардан табасың. Алға басқан қадамынан таймасын, Иран бақтай көктемдегі жайнасын. Ұрпақтарға үйретуді өткенді, Тарих ізі кітаптарда сайрасын. Алақанда аялайық ардақтап, Көрген дұшпан іші күйіп қайнасын. Ағайындар алмайықшы сындырып, Кітапхана әдебиеттің айнасын. Жақсы, жаман деп бөлместен сұрыптай, Жүрейікші қазынаны ұмытпай. Кітапхана қасиетті мекен ғой, Сол мекенді жүрейікші ұлықтай. Көпшілікті мейірімге бөледің, Еңбектерін көп зейнетке теңедім. Кітапханашы апайларым бір төбе, Оқырманнан аямаған көмегін. Бізді жақсы жолға апарар жетегі, Ол болмаса өмір мәні кетеді. Ғасырлардан ғасырларға жеткізген, Кітапхана кітаптардың мекені. ШЫМЫЛДЫҒЫ ШЫНДЫҚТЫҢТереңнен сезім толғау керек екен, Тұлғасы біздер үшін бөлек екен. «Шымкент келбеті» атты бұл газетті, Барша жұрт, қалың қазақ біледі екен. Газетімнің 20-жылдық мерекесі, Шымқала құт қондырған ел еркесі. Өзіңе арнап мерейлі мерекеңде, Өлеңмен өрнектесін жыр серкесі. Жазған әрбір мақаласы әсерледі, Шешіп берген түйткілді мәселені. Шымылдығын шындықтың ашып берген, Аман болсын бұл газеттің тілшілері. Шымқаладан бұлақ басын бастадың, Ақиқатты жазудан еш қашпадың. Жанам деген жүректерге от беріп, Бағындырып талай шыңның асқарын. Оқырманға көп қой әлі берерің, Шымқалада биік сенің беделің. Мәңгі жасап тұруыңды газетім, Тәңірімнен жырмен жазып тіледім. Осында еңбек етер заңғарларым, Әлі көп асуы бар аңғарғаным. «Шымкенттің келбеті» жасай берсін, Көрсетіп әділдікті жалғанға бұл. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІМ ЖАСА МӘҢГІАсқар таудың паналаған етегін, Туған жерім қазақ елі мекенім. Талай-талай, қилы-қилы кезеңде, Дәлелдеді қазағым тәуелсіз ел екенін. Қасиетті, қазыналы қазағым, Жазықсыздан құрбаны болды жазаның. Тәуелсіз ел атандық қой біз бүгін, Жаратқан Алла бізге салып назарын. Желбіреп туым, шырқалды міне ән ұран, Азаттық күні жарқырап қазақ таңынан. Еске алған да желтоқсанның құрбанын, Құлазып көңіл, елжіреп жүрек жабығам. Батыр елім, ақын елім қазағым, Табылған тек тұла бойдан таза мін. Біле- білсең бұл күндері расында, Қасиетті қазақ деген таза ұғым. Білімді ұрпақ тәуелсіз ел тірегі, Бар қазақтың тәуелсіздік тілегі. Елім, жерім, ұрпағым деп тек қана, Соғып тұрсын әр қазақтың жүрегі. Қазақ елі жаса мәңгі жасай бер, Бейбіт өмір болып тұрсын үнемі. АБАЙҒА АРНАУАбай баба айтар менің жыр әнім, Мен өзіңдеп жалын жырды құрадым. 165-жыл мерей мына тойыңда, Өлең жазбай қалай үнсіз тұрамын. Абай баба данышпансың, данасың, Жүрегімде жалын от боп жанасың. Оның әрбір жазған жалын жырынан, Оқысаңыз зор ғибрат аласың. Келдім баба сырды саған төккелі, Жағдайым бар қоғамыма өкпелі. Ана тілдің көтерілсе екен деп байрағы, Тәңірімнен тілеп жүрмін көктегі. Не көрмеген қайран қазақ ел еді, Шырқырап бір шындық айтқым келеді. Қазақ тілін, ислам дінін ұмытса. Бұл қазақтың қалай өсер өркені? Қасиетті қазақ деген халықта, Жамандықтың алауы қашан өшеді. Барша қазақ қазақ тілде сөйлеуге, Айтшы бабам қай заманда көшеді?! АРНАУ |
- ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
- АЙДАРБЕКОВА САЛТАНАТ !
- АЙМАҚ ӘБІЛДА
- АЙМАНБЕТ ДӘУРЕН !
- АЛДИЯР БАҚЫТЖАН
- АУДАНОВА БАҚТЫГҮЛ !
- АХАТ КЕНДЕБАЙ
- ӘБДӘКІМҰЛЫ МОМБЕК
- ӘБІШ ШАЛҚАР
- ӘШІРБАЕВА ГҮЛДӘРИЯ
- БАЙҒҰТ МАРХАБАТ
- БАЙТАСОВ ТӨРЕГЕЛДІ !
- БАЙТУОВ БІРЖАН !
- БАЛТАБАЕВ АЙЫПБЕРГЕН !
- БЕГАЛИЕВ НАРМАХАН
- БЕЙБІТБЕК АҚБОТА !
- БЕКЕЙ МҰРАТ
- ҒҰЛАМА САНЖАР !
- ДУЛАТИ САТЫБАЛДЫ !
- ЕЛІКБАЕВ КӨШКІНБАЙ !
- ЕРГӨБЕК ҚҰЛБЕК
- ЕСЕНҚАРА ХАНБИБІ
- ЕСІМБАЙ АБЫЛАЙХАН !
- ЖАНӘБІЛ СЕРІК !
- ЖАНТАСОВА ЗЫЛИХА
- ИМАНБЕКОВ ТҰТҚАБАЙ
- ИСАҚ САРМАНБАЙ !
- КӨМЕК ҚҰРАЛ
- КӨШЕР ӘБДІНАҒЫМ
- КУНГУРЦЕВ ЮРИЙ
- ҚАЗИЕВ ҚАРАУЫЛБЕК
- ҚАЛМЫРЗАҰЛЫ ӘМЗЕ !
- ҚАЛШАБЕК АБАЙ !
- ҚАЛШАБЕК АҚЖОЛ !
- ҚАЛЫБЕКОВА ӘСЕЛХАН
- ҚАСЫМБЕК САЯ !
- ҚОЙБАҒАРҰЛЫ ЕРСІН
- ҚОНЫСБЕК БАЙДУЛЛА !
- ҚЫСТАУБАЕВ ЗАХАРДИН
- ЛЕУБАЕВА АҚМАРАЛ !
- МАДИЯРҚЫЗЫ САЛТАНАТ !
- МАЛҚАРОВ ОМАРБАЙ
- МЕДЕТ ҚАЙЫРҒАЛИ
- МУХТАРОВА МАРҒУБА !
- МҰРАТАЛИЕВА АРАЙЛЫМ !
- НАРТАЙ ЖӘУДІР !
- НАУРЫЗ АТАНБЕК !
- НҰРМАНҰЛЫ САБЫРБЕК
- ОЛЖАБАЙ САБЫРБЕК
- ОМАР ИСА
- ОМАРБЕКОВА ЭЛЬМИРА
- ОРАЗБАЕВА ТҰРСЫНАЙ
- ОРАЗЫМБЕТ БӨРІБАЙ !
- ОРЫНБАЙ ШОЙБЕК
- ӨМІРБЕК ГҮЛНӘР !
- САРЫБАЕВ ҚАНАТ !
- САРЫБАЕВ ҚАНЫБЕК
- САХАБАТ СӘРСЕНБЕК
- СЕЙІТМАН СЕРІК
- СЕЙІТОВ СҮНДЕТ !
- СЕРӘЛИЕВ НӘСРЕДИН
- СЕРДАЛИЕВ НҰРҒАЛИ !
- ТАНАБАЕВ ДӘРКЕН
- ТОҚТАСЫНҰЛЫ ЕСҚАРА !
- ТӨРЕМҰРАТОВ НҰРҒИСА !
- ТӨРЕТАЙ ҚАБЫЛБЕК
- ТҰРЫСОВ ЕРКІНБЕК
- ТІЛЕНШИНА БАЯН !
- ШАХАНОВ МҰХТАР
- ШЕРІМ МҰХТАР
- ШІЛТЕРХАНОВ ӘДІҺАМ
- ЖАСТАР БЕТІ
Экранный диктор