Гаухар Жүсіпәлиева
Шығармалары
Құт мекенім киелі Отырарым
Небір саңлақ ұлылар ұрпақтарың,,
Адалдықты паш етіп ту ұстаған.
Құт мекенім киелі Отырарым,
Шәмші әнімен Шәуілдір тыныстаған.
Мәңгілікке арналар саған әнім,
Отырырым өзіңе табынамын.
Ыстық маған қашанда топырағың,
Алыс кетсем өзіңді сағынамын.
Жүйрігіміз озады жарысқанда-ақ,
Іздеп бізге не керек алыстан бақ.?
Кесенесі күмбезді мұнда жатыр,
Бабтың басы киелі Арыстанбаб.
Тарихына көз тігіп отырамын,
Әр таңымды өлеңмен атырамын,
Нәр аламын мәңгілік мен өзіңнен,
Құт мекенім-киелі Отырарым.
Бұл өлке менің таң боп атқан жерім.
Шабыттың бал-шырынын татқан жерім.
Пір тұтып мен әрқашан мақтан етем,
Киелі бабалардың жатқан жерін.!.
Толғаныс
Заман шіркін бұлғағындай түлкінің.
Көңіл деген ала алмайды бір тыным.
Бәрі алдамшы мына жалған дүниеде,
Ақындар бар қамын ойлар ұлтының.
Өлшегендей бір қамшының сабымен.
Ғұмыр қысқа келіскендей бабымен.
Пенделер бар күнаға да бататын,
Қу дүние, күнкөрістің қамымен.
Тірек қажет шаршап жүрген елге нық.
Кейде тіпті оларға есеп бермедік.
Шыр айналған дүниеде білмейміз,
Қайда апарып соқтырарын пенделік.
Адамдықтың пайдасы бар ибаның.
Жақтырмадың кімді өмірде сыйладың.
Білместіктің кірін шайып жіберер,
Жүрегіңнен шашса иманың!
Не пайда?
Бүтін дүние шықпаса,
Құрағаннан не пайда?
Жаныңды ешкім ұқпаса,
Жылағаннан не пайда?
Өмірдің мәнін ұқпасаң,
Тапшылықтан не пайда?
Ел көңілінен шықпасаң,
Жақсылықтан не пайда?
Алдамшы болса өмірің,
Сүргніңнен не пайда?
Күдікті болса көңілің,
Күлгеніңнен не пайда?
Жақсы достың қадірін,
Біле алмасаң не пайда?
Армандап ойдың жарығын,
Шыға алмасаң не пайда?
Жөн болмас тайып кеткенін,
Басталғанда жол жаңа.
Аллаға тәубе еткенің-
Өмірде пайда сол ғана!!!
Тәуелсіздік тұғыры
Осы жайлы айтқым келеді сыр лайым,
Ішімдегі шықсын жырмен бір уайым.
Қайраттарды қыршынынан қидырған,
Желтоқсанның жайын айтып жырлайын.
Сол кездегі қатаң, қатал сынды ұқтым.
Ол оқиға куәсі сан сұмдықтың.
Бәрімізді қуантады әрине,
Жеңгендігі түбінде ащы шындықтың.
Егемендік елге қымбат бұйымдай.
Алла берген алашыма сыйындай.
Ұлтымыздың болашағы сол жастар,
Қиындыққа қарсы тұрды құйындай.
Тәуелсіздік бізге үлкен белес деп.
Бұл айтылған тек бір арман емес деп.
Жан ұшырған дауасы келеді құлаққа,
Қорлық көрген бейнелері елестеп.
Егемен елді оятып таң самалы.
Ұрпағы бостандыққа ән салады.
Нұр аға салып берген Астананы,
Көрген жан ұмыталмай тамсанады.
Кешегі Қайрат, Ләззат бауырлардың,
Тек қана тәуелсіздік аңсағаны.
Егемендік алғанда өздері жоқ,
Халқымның құрбан болды қанша жаны.
Оларда бәйтеректің бүршігі еді.
Еске алып далам соны күрсінеді.
Ызғары жүрегімді тіліп өтіп,
«Желтоқсан» десе жаным түршігеді.
Алдымнан азаттықтың желі еседі.
Бірлігі мықты әрдайым ел өседі.
Елу ел қатарынан орын алдық,
Елімнің жарқын болып келешегі.
Сол жастардың біздерді,
Әруағы қолдасын!
Қолда барда алтынның
Қадірі жоқ болмасын!
Ұлағатты ұстаздарға
Күн бүгін ұстазым деп жар салатын.
Бізге білім беруге жан салатын.
Ұстаздар құтты болсын мерекеңіз,
Шәкірттері шаттықпен қарсы алатын.
Айналдым жүздеріңнен күлімдеген.
Ешқашан реніші білінбеген.
Өмірде ең асыл жан ұстаздарым,
Шәкіртін сусындатқан білімменен.
Мерейім басқалардан асты бүгін.
Ұстаз деген қасиетті басты ұғым.
Үйреткен жалықпастан әліппені,
Ұстаздың ұмытпаймыз жақсылығын.
Үніңізді барша әлемге тыңдаттың.
Ұстаздарға жыр арқылы үн қаттым.
Ғылым-білім бастауысың таусылмас,
Ұстаздарым баға жетпес қымбаттым.
Жүрсем елге арман жоқ ұнап дәйім.
Ұстаздардың сенімін құлатпайын.
Ұмытылмас ұлы тұлға шәкіртке,
Білім нәрін беретін бұлақтайын.
Шәкіртіңді біліммен тербетіп ең.
Байсалдылық байқалар келбетіңнен.
Өмірдің қыр-сырына үйрететін,
Ұстаздай жан табылмас жер бетінен.
Ұстаздарым даналықтың кенісің.
Ұлағат деп бағалаған ел ісін.
Шәкірттерің бағындырып биікті,
Көре бергін еңбегіңнің жемісін.
Көбейсін шәкірттерің білім іздер.
Арада аман-есен жүріңіздер.
Сіздерге біздің мәңгі тілеріміз,
Ұстаздар ұзақ өмір сүріңіздер!
Әл Фараби стипендиясын алғандағы толғаныс
Бабам арнап білімді өміріне.
Бар білімін тоқыған көңіліне.
Қуанышпен қарсы алған қонақтарым,
Қош келіпсіз, Оңтүстік өңіріне!
Тарихтың бізге жеткен сыры мәлім.
Бабалар өсиетін ұғынамын.
Әл Фарби түлегі Отырардың,
Әлемге мәшһүр болған ұлы ғалым.
Асылдарын ардақтаған алашым.
Бабасының түсірмеген бағасын.
Топырағын шам қаладан әкеліп,
Ұрпақтары ұлықтаған бабасын.
Ғылымына ізін салған бар елдің.
Ұлықтың бастауына дәлел бұл.
Жетпіс екі тілді біліп, меңгерген,
Әл Фараби мақтанышы әлемнің!