Гүлжамаш Жаманбалаева
Жаманбалаева Гүлжамаш Төрехан қызы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жуантөбе ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі Жаманбалаев Төрехан Әкетөре ұлы мектеп мұғалімі, ал анасы Баетова Нүрипа Тоқболат қызы үй шаруасында. Ағасы О.Қ.М.У-дың II- курс студенті. Өзінен кейінгі үлкен сіңлісі 10-сыныпта оқиды. Екінші сіңлісі 7-сыныпта оқиды. Ең алғаш мектеп табалдырығын 1999 –жылы аттады. Бастауыш сыныпта оқып жүріп, қазақ тілімен ана тілді өте жақсы көретін. 4-сыныптан өлең жазды. Ең алғаш өлеңі Шымкент қаласының басылымы «Барыс» газетіне жарияланды. Үлкен сыныпта оқып жүргенде аудандық олемпиадаларға, аудандық «Абай оқулары», «Тәкен оқулары», «Қанекей тілім сөйлеші» атты және т.б. осы сынды байқауларға қатысып жүлделі орынды иеленді. 11- сыныпта Ұ.Б.Т- да бесінші пән сүйікті пәні әдебиетті таңдап , нәтижесінде 104 –баллмен О.Қ.М.У- дың филология факультетінің бірінші курс студенті атанды.
Шығармалары
Сыр
Жүрегім тулап, дірілдеп жаным,
Күндерім батып, атса да таңым .
Жаныма дауа таба алмай бірақ,
Қоямын кейде өзіме сұрақ.
Білмеймін неге қиналдым екен,
Біле алмай кейде қиналып өтем.
Адамның бәрін өзімдей көріп,
Уақытты босқа өткізген екем.
Ойлағам бәрін жақсы жандар деп,
«Алланың» құлы , имандылар деп.
Жас түгіл мейлі, үлкені болын,
Парызын білмей жүрген жандар көп.
Өмірге үлкен қадаммен бастым,
Артымда қалды балалық шағым.
Студент болдым, жетті ол күн де,
Өзендей өмір сырғып барасың.
Бітірсем деймін аман-есен оқуымды,
Жақсы бағамен толтырсам дипломымды.
Ата-анамның атына кір келтірмей,
Тапсам деймін өмірден өз жолымды.
Жанар апайға
Алтын ұя мектебіммен қоштасып,
Университет қабырғасын аттадым.
Өзім сүйген мамандықты қолға ап,
Ары қарай оқуды оқи бастадым.
Қазақтың қарапайым, сүйкімді,
Салиқалы , сабырлы, мейірімді.
Жан едіңіз жанымды баурап алған,
Білесізбе, сіздей болсам, деп жүргенімді.
Қуанамын, күлемін, мақтанамын,
Разы болып, өз-өзімнен шаттанамын.
Біздің топ тәрбиешісі осындай деп,
Әркімге де сырымды ақтарамын.
Жанар апай не дер едім, мен сізге,
Апай емес, әпке десем болар меді ,
Мейлі апай, мейлі әпке болсаңызда,
Төрт жыл бізбен болыңызшы жарайды ма?
Басыңызға бақ құсы келіп қонсын,
Ақ періштелер желеп-жебеп жүрсін.
Бес күндік мына жалғанда тайсалмастан,
Өмірде әрқашан да жолыңыз болсын!
Жуантөбе
Оңтүстіктей жерімнің,
Созақ елді мекенім.
Орналастың ауылым ,
Бетегелі белімсің.
Тасты-Шумен теңескен,
Қыземшекпен тең өскен.
Шу өзені ағып өтіп бойынан,
Бетпақдала жерімен шектескен.
Тау-тасы жоқ, жазық болған айнала,
Орналастың әсемдікпен жай ғана.
Қызыл құмға төселген сай-сала,
Сексеуілі бірінші көрінер адамға.