Жастар шығармашылығы

Untitled Document


Мәмбетов Исатай



Мәмбетов Исатай 1986 жылы 26 тамыз күні Қызылорда облысы Қазалы ауданы К. Маркс ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы орта мектепті бітірген. Сондай-ақ, № 3 қалалық саз мектебінде 5 жыл оқып, домбыра сыныбы бойынша бітірген. Қазір М. Әуезов атындағы ОҚМУ-інің агроөнеркәсіп факультетінің ІУ курс студенті.

Исатай - өнерлі жігіт. Інісі Махамбет екеуі домбыра дуэтін құрған. Бос уақытында бокспен шұғылданады, өлең шығаруды ұнатады. Облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған мүшайралардың жеңімпазы. Исатай «Менің Қазақстаным» облыстық шығармалар байқауының жүлдегері.Исатай қалалық патриоттық әндер конкурсының жеңімпазы, қалалық оқушылар арасындағы ғылыми жобалар конкурсында "Д. Исабековтың шығармаларындағы ауыл адамдарының бейнесі" тақырыбындағы шығармасы жүлделі орын алған.



    

Шығармалары

Оралман жігіттің сыры
(баллада)

Көш келеді тізіліп, көш келеді,
Туған жерге еліміз көшкен еді
Атажұрттан алыста жүрген шақта
Сағынышы жүректі кескен еді

Ата – бабам бір кезде елден ауған
Ата жұрты көзінен ұшқан арман
Бөтен елде талай қазақ жан тапсырып
Шер болып кеуделерде кеткен арман

Жеттік міне, туған жерге, шекараға
Алагеуім таңғы бір бозалада
Қарттарым тізе бүгіп топырақты
Сүйіп жатыр, сүйсініп көз ала алмай

Бабам шері не деген ыстық едің?
Құшағыңа ал шатсынбай қысшы мені
Әжем де тұр бет силап құбылаға
Мен бүгін оларды шын түсінемін

Мен де енді арманыма жетсем екен
Бір сұлуға ғашық боп өтсем екен
Тәңірім, бере көргін тілегімді
Елімде бақытты өмір кешсем екен

Елімнің солтүстік бір ауданына
Тоқтаттың аттың басын таңда мына
Япырмау, пері ме, әлде періште ме
Бір сұлу қыз қарап тұр – ау ақтарыла

Тәңірім, не деген құдіретті ең
Сұлуым жанымда тұр көптен күткен
Туған жерге жеткізген дер кезінде      

Ата – анама мың рахмет шын жүректен
Сұлуға қарап тұрмын көзімді алмай.
Қос жанары жалтылдайды жанған шамдай
Осынша сұлулықты бір адамға
Аямай берген екен жомарт Алла – ай.

Көз алмай керемет хор келбетінен
Таныспақ болып шын ниетіммен.
Сөйлей бердім жанына жетіп барып
Аянып тұрамын  мен несіне.

О, Алла, қарашы бұл қырсығыңды,
Мәңгіге ұмытпаспын бұл күнімді.
Ең алғаш ғашық болған сұлу қызым
Түсінбей тұр ғой менің бір сөзімді.

Білмеймін мен орысша, ол қазақша,
Жүрегім жарылардай өрт намыстан
Қиялым кетіп еді-ау көрген кезде
Шарықтай самғап сонау тым алысқа.

Туған тілін білмеген шерлім менің,
Туған анаң болмаса, сен кім дің?
Қазақ тілін өзіңе үйретем деп
Ант берейін соққанша соңғы демім.

Төрт құбылам түгелденді


Қазағымның қуанған заматында,
Тыңда мені, дүние, дала, тында,
Азат жырлап аспанда зырлап жүрген,
Мен пырақпын, от семсер қанатымда.

Тәуелсіздік – жырым да, айтар әнім,
Осы әнімді іштей сан қайталадым.
Елім азат, халқымның таңы да ақ,
“Бақыттымын” деп келеді айқалағым.

Тарихыма қарадым үніліп мың,
Көрінбес түбі терең тұңғиықтың.
Сан жылдар сар далада тізбектелген,
Елесестер көңілсіз сол мұңлық күн.

Балалар қолына алып сан қаруын,
Қорғаған елін, жерін, жар-аруын.
Шыбындап жанын пида етіп арпалысқан,
Аманаттап даласын, тау мен нуын.

Бөркінді аспанға атар күн де келді,
Ысырылды түнекті түндер енді.
Қазағымның көк туы желбіресе,
Кейбіреу іштей біраз күндеп еді,

Титықтаған тілім де түрегелді,
Мәз болып менің елім күледі енді.
Тілім, ділім, дінім бар, жерім де бар,
Төрт жағым ө төрт құбылам түгелденді.

БАҚЫТГҮЛГЕ


Сүйдім сені,  Бақытгүлім, бақ гүлім
Сенің көркем көздерің мен шат күлкің
Маржандайын  тістерің  мен ерінің  
Маған берген сыйындай  бір өмірдің.

Мен сенбедім махаббаттың барына
Кездестірмей сені жүрген шағымда
Көрдім сені көктемнің бір шағында
Жүргенімді түсіндім мен жаңыла

Махаббаттың ұлы сезім екенін
Сағынғанда сені, жаным түсінемін.
Алабұртып саған деген сезімім
Асығады жүрегіңе жүрегім

Тілдескенде өзіңмен күш аламын,
Жүрегіңнен сезімім нәр алғанын,
Сезінемін,  мен  пенде,  сезінемін,
Айырылысар шақтарда нән арманым.

Ғашықпын мен, – өзгеге  сездірмеймін,
Махаббаттың бақшасын кезгендеймін.
Өмірімнің  гүліне айналған сен,
Үп еткен жел бетіңе түсірмеймін.

Ғашығыма сүрінбей жету арман
Бақытымды ұшырман мен де қолдан
Қымсынбай-ақ сырт көзден жаным, қалқам,
Келші маған, Бақытым,  келші алдан!  

О, Туған Жер!
6-класс


О,  Туған  Жер!
Топырағыңнан айналдым.
Сен ыстықсың  туған  жерім
Мен үшін де ел үшін.
Сенен артық, сенен асқан
Ел жоқ. Жер жоқ
Мен  үшін ...
Қазақстан!
Елім менің, жерім менің
Құтты болсын  он жасың
Міне  бүгін орындалды асқақталған тілегің
Қуансаңшы қырғыз құдам
Қуансаңшы өзбек інім
Біздің елде бүгін той.  

Дина


Керемет  қандай  көркем  Дина  атың
Білінер  және  терең  парасатың
Жан  сұлулығың  нұр  шашқанда
Таңдай  қағып  жан-жағың  қарасатын

Таңдана,  нәзік  басып  жүрген  қандай
Өз  ісін  тереңінен  білген  қандай
Сіздей  жанмен  сырласқымыз  кеп  тұрар-ау
Өзіңді   бұрыннан  білген  жандай