Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Бегманов Қасымхан

Қасымхан Бегманов 1958 жылы 10 қыркүйекте Кентау қаласында туған. Қ.Бегманов 1975 жылы Казақгың политехникалық институтына оқуға түсіп, оны 1980 жылы инженер-механик мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1980-1982 жылдары Түркістан ауданына қарасты "Куйбышев" колхозында инженер-механик болып істейді. 1982-87 жылдары Шымкент облыстық комсомол комитетінде нұсқаушы болды. 1987 жылы Түркістан калалық мәдениет бөліміне меңгерушісі болып келді. Мұңда біраз уақыт істеген ол Алматы қаласына қызметке ауысты. Казір Алматы қаласында тұрады.
Қ.Бегманов Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты. Түркістанның 1500 жылдық тойына орай өткен мүшайрада 1-ші орынды, ақын Қ. Аманжоловтың туғанына 90-жыл толуына байланысты ұйымдастырылған мүшайрада бас бәйгені жеңіп алды.
Ақынның "Бастау", "Жүрек толқындары", "Тоғыз перне", "Карашық",т.б. атты жыр жинақтары бар.