Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Бекетова Баян

Баян Бекетова 1960 жылы 20 каңтарда Бәйдібек ауданы "Боралдай" ауылында туған. Орта мектептен соң Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсіп, оны 1984 жылы бітірген. Оқудан кейін қазақ телевидениесінің көпшілікпен жұмыс істеу және хат бөлімінде редактор, "Егемен Казақстан", "Халық кеңесі" газеттерінде тілші, аға тілші қызметтерін атқарған.
1994 жылдан Казақстан Жазушылар одағынынң мүшесі.Казір шығармашылық жұмыста.
Баянның шығармалары "Аудитория", "Қарлығаш" атты ұжымдық жинақтарға енген. "Үмітім менің", "Жалғыздық", "Сәмбі тал", "Көлбастау" деген жыр жинақтары бар.