Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Аяшов Жақыпбек

Жақыпбек Аяшов 1939 жылы 8 тамызда Өзбекстандағы Шыназ ауданында дүниеге келген.
Қазақтың Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, «Сарыағаш» аудандық газетінде корректор, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. 1991 жылы аудандық мұражайдың директоры болды. Қазір зейнеткер.
Қазақстан Журналистер одағының және Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі. «Алақан» әңгімелер жинағы және бірнеше очерктері жарық көрді. Өзбекстанның халық жазушысы. Ғ. Ғұламның «Ташболта ғашық» комедиясын, Сарыағаш ауданының Құрметті азаматы.