Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Асанов Сабырхан

Сабырхан Асанов 1936 жылы 17 қазанда Түркістан ауданындағы «Иіркөл» ауылында туған.
Мемлекеттік университетінің журналистикка факультетін бітірген. Оқудан соң, «Социалистік Қазақстан» , «Қазақ әдедиеті» газеттерінде, «Жұлдыз», «Балдырған» журналында қызмет атқарды. 1982 жылдан қайтыс болғанға дейін шығармашылық жұмыста болды.
Ақынның алғашқы «Сырдария» атты жыры 1958 жылы «Лениншіл жас» газетінде жарияланды. С. Асановтың «»Тұңғыш кітап» , «Таулар алыстан көрінеді», «Жастық шағым-Алматы» , «Бақытты адам» , «Шолпан» , «Ақбота» , «Қоштасқым келмейді» , «Шолпан» тандамалы кітаптары бар. Аударма саласында да өнімді еңбек еткен ол М. Лермонтовтың, Байронның, Р. Гамзатовтың, Е. Евтушенконың, Гарсиа Лоркианың шығармаларын қазақша тәржімалады.
С.Асановтың жырлары орыс, бошқұрт, өзбек, татар т.б. халықтардың тілдеріне аударылған.
С.Асанов 1996 жылы қайтыс болды.