Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Міртемір

Міртемір Омарбекұлы Тұрсынов 1910 жылы Түркістан ауданы, «Иқан» ауылында туған. Өзбекістанның халық ақыны. 1952 жылы Самарқандағы Педогогикалық академияның «Қоғамдық әдебиет» факультетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы мектепте, газет, журнал редакцияларында, баспа орындарында, Өзбекістан жазушылар одағында әр түрлі қызмет атқарған.
Міртемір шығармалары 1926 жылдан жариялана бастады. Тұңғыш кітабы – «Шұғылалар қойнында» 1928 жылы жарық көрді. Мұнан кейін оның «Зафар», «Коммуна», «Байтахт» т.б өлеңдер жинағы, «Аш жалаңаштар елінде» атты романы басылды. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шығармалары «Өшпенділік» жинағына енген. Кейінгі жылдары «Өлеңдер», «Таңдамалы шығармалар», «Жаңа өлеңдер», т.б кітаптары шыққан. Ол А. Пушкин. М.Ю Лермонтов, Г.Гейне, Ш.Руставели, Абай, Жамбыл, Ә.Тәжібаев, т.б шығармаларын өзбек тіліне аударды. Міртемір өлеңдері 1961 жылы «Ойлар» деген атпен қазақ тілінде басылған.
Міртемір 2 орденмен, медальдармен марапатталған. Түркістан ауданы, «Иқан» ауылында Міртемірдің әдеби- мемориалдық музейі бар, ескерткіш-бюсті орнатылған.