Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Мейірбеков Әлібек

Әлібек Мейірбеков 1944 жылы 15 қыркүйекте Жетісай ауданындағы «Құрбан ата» ауылында туған. 1962 жылы орта мектепті алтын медальға бітіріп,Шымкент Мәдениет институтын, Абай атындағы ауылшаруашылық техникумын, Қазақтың Мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдаған.
Біраз жыл Алматыда қызмет атқарған ол 1980 жылдан бері Жетісай қаласында тұрады. Шығармашылық қызметті 1967 жылы бастаған ақынның алғашқы өлеңдері «Жүрек оты» деген жинаққа шықты. «Бақытқа барар жол», «Адам, Еңбек, абырой», «Теңіздің дәмі тамшыдан», «Жеісай жазы» атты кітаптары жарық көрген.
Ә.Мейірбековтың драмалары Жетісай, Жамбыл облыстық драма театрларында қойылып келеді.Қазір Ә.Мейірбеков Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай сазды драма театрының директоры.