Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Мирзоев Мирпулат

Мирпулат Мирзоев 1949 жылы Сайрам ауданында өмірге келген. 1966-71 жылдары ТашМУ-дың журналистика факультетін бітірген.
1971-81 жылдары «Еш Гвардия» баспасында қызмет атқарды. 1981-87 жылдары Өзбекістан жазушылар одағында кеңесші, одан соң «Еш гвардия» баспасында бас редактордың орынбасары, «Жазушы» баспасының бас редакторы, 1991 жылы Өзбекістан Жазушылар Одағының хатшысы.
Мирпулаттың «Таң шапағы» атты өлеңдер жинағы 1975 жылы жарық көрді.Ақынның «Мейірлі күндер», «Махаббат мезгілдері», «Көгілдір дария», «Сүмбіле», «Әтіргүл мен жұлдыздар», «Қанағат», «Аяулы анам» деген жыр жинақтары бар.
М.Мирзоев аударма саласында да көп еңбек етіп келеді. Ол А. Пушкин, Г.Гейне, Р. Ғамзатов, М.Кәрім, Б.Пастернак, т.б шығармаларын өзбек тіліне аударған. 1999 жылы осы еңбектері үшін Халықаралық Б.Пастернак атындағы сыйлықты алды. Қазақ ақындары – Ж. Молдағалиев, О.Сүлейменовтың шығармаларын өзбек тіліне аударды. Абайдан бастап М.Шаханвқа дейінгі көптеген қазақ ақындарының өлеңдерін өзбек тіліне аударып, мерзімді баспасөз бен жинақтарға шығарды. Осы еңбегі үшін 2001 жылы Халықаралық «Алаш» сыйлығы берілді. Ақын қазіргі кезде «Әлем әдебиеті» журналы бас редакторының орынбасары.