Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Жорабеков Қайсар

Қайсар Жорабеков 1947 жылы 1 қаңтарда Қазығұрт ауданы, «Жаңабазар» ауылында туған. Ауылдағы орта мектепті бітірген соң, 1963-64 жылдары «Коммунизм» ұжым шарында жұмысшы болды. 1964 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетіне түсіп,оны 1969 жылы тәмамдайды, 1969-71 жылдары әскерде болған.
1971-73 жылдары Шымкенттегі политехникалық техникум комсомол комитетінің хатшысы, 1974-91 жылдары Қазқстан Жазушылар одағының референті, 1991-95 жылдары Қазақ теледидарының бөлім бастығы, 1995-97 жылға дейін Халықаралық «Қазақ елі» газетінің жауапты қызметкері. Дүние жүзі қазақтары Қауымдастығының бас маманы, сондағы қордың атқарушы директоры,1997-2000 жылдары «Дәнекер» халықаралық құқық және бизнес институтының, ал 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институтының жауапы қызметкері.
Жорабеков – аудармашы, әдебиетші. Ол орыс жазушылар И.А Бунинің, Д.Гараниннің жекелеген әңгімелерін, В.Поволяевтың «Естеліктен ескен леп» жинағын, «Теңіз беті боз тұман» жинағындағы әңгіме-повестерін, саха жазушылары В,Проодьяковтың, С. Даниловтың, түркімен жазушысы Ата Каушутовтың әңгімелерін, Прибалтика, Қырғыз, Татар жазушыларының шығармаларынқазақ тілінне, профессор Әбілфайыз Ыдырысовтың «Таңшолпан» романын, жазушы В.Буренковпен бірге орыс тіліне аударды. Он бестен астам көркем фильмдер мен түрлі авторлардың бес пьесасын қазақшаға аударған.