Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Өмірбек Зейілбеков

Зейілбек Өмірбеков 1932 жылы 20 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданындағы Карл Маркс атындағы кеңшарға қарасты «Көлтоған» ауылында туған. Сонда орта мектепті бітіргенен кейін Қазақ Мемлекеттік университеті журналистика факультетіне оқуға түседі.
Оқудан соң Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінің редакциясында қызмет істеді. Көп жылдар бойы өлкелік, облыстық «ОңтүстікҚазақстан» газетінің меншікті тілшісі, мәдениет, әдебиет және тұрмыс бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті.
З. Өмірбековтың суреттемелері, очерктер облыстық, республикалық газеттерде жарияланып тұрады. Ол көркем әңгімелер мен повестер де жазды. Шағын әңгімелері 1975 жылы «Жалын» баспасынан «Суыт хабар» деген атпен жарыққа шықты. 1979 жылы «Құпия хаттар» деген атпен повестері мен әңгімелер жинағы оқырманқолына тиді. З. Өмірбеков 1980 жылы қайтыс болды. Бейіті Шымкент маңындағы зиратта.