Тұрысов Еркінбек

Асыл сөз


"Аттың орнын тай басады" дейтін халқымыздың сөзі бар. Біз бүгін өзімізді, әдебиетті олай жұбата алмаймыз. Мұхаң (М. Әуезов) бізге орнын қалдырған жоқ. Жақсы шығармалар жазудың, әдебиетті көркейтудің жауапкершілігін қалдырды.Халықтың әдебиетке адал қызмет етудің өшпес үлгісі мен сарқылмайтын ұлы мұрасын қалдырды. Біз енді ұлы Мұхаңмен осы асыл мұрасы арқылы кеңесетін, сырласатын боламыз.



Адам өтер, бәрі де кетер, тек заманның сарқылмас сазы, өмірдің өшпейтін жолы, айтылар сөзі қалар мәңгілік...



"Аттың орнын тай басады" дейтін халқымыздың сөзі бар. Біз бүгін өзімізді, әдебиетті олай жұбата алмаймыз. Мұхаң (М. Әуезов) бізге орнын қалдырған жоқ. Жақсы шығармалар жазудың, әдебиетті көркейтудің жауапкершілігін қалдырды.Халықтың әдебиетке адал қызмет етудің өшпес үлгісі мен сарқылмайтын ұлы мұрасын қалдырды. Біз енді ұлы Мұхаңмен осы асыл мұрасы арқылы кеңесетін, сырласатын боламыз.



Жылдарды жылға жалғайтын өмірдің жолы бізге Ғабит ағаның, аңыз ағаның тек сырбаз-сыршыл хас шебер қаламгер ғана емес, халықтық әдебиетке, оның алып азаматы басына қатер төнгенде өз басын отқа, оққа байлап дос жанына жалау болған, киелі әдебиеттің тазалығын қорғап, қастер-қасиетімізге мызғымас тірек болғанын жыр ғып айтар замандас ағалардан есітіп, білдік, қайсы бірін өз көзімізбен көрдік.



Дүниеде айтушысы мен тыңдаушысы үйлессе адамның жан сарайына сан түрлі шуақ сәулесін құятын айтқыштық сөзінен асқан керемет жоқ.



"Аттың орнын тай басады" дейтін халқымыздың сөзі бар. Біз бүгін өзімізді, әдебиетті олай жұбата алмаймыз. Мұхаң (М. Әуезов) бізге орнын қалдырған жоқ. Жақсы шығармалар жазудың, әдебиетті көркейтудің жауапкершілігін қалдырды.Халықтың әдебиетке адал қызмет етудің өшпес үлгісі мен сарқылмайтын ұлы мұрасын қалдырды. Біз енді ұлы Мұхаңмен осы асыл мұрасы арқылы кеңесетін, сырласатын боламыз.



-Әй,айналайын атасы,бұл Айдостың ешкімге міндет артқан жері жоқ.Әйтеуір,құдай жааарылқап алдымызға аман келді.Осыған да шүкір. «Жетім қозы телімсек,
түңілер де отығар»-деген.Құдай денім сау қалса,бір мәнісі болар.Тек құдай бізге тыныштығын берсін,-деп Данагул апа қолына қайта келіп қонған кішкене балапанын бағып-қағудың әрекетіне кірісіп жатты.



«Алыста қалған» повесі



«Айнала қатқақты қара дала,сырт жақтан екпіндей соққан қара жел бәрі бірге тұтасып мына беймезгіл жортқан үркердей топ жолаушысын шексіз тұңғиықтың түнегіне тартып бара жатқандай.Өз еркі,өз өмірімен түскен жол,алда Ұлы сапар-жорығы жатыр.Көнбесе,төзбесе оның темірлігі қайсы.Темір арынды арғымағының желкілдеген суық жалына құнысқан еңсесін еңсере көтеріп,тебінгісін сірі тақымымен қапсырып қыса түсті.Тебінгі тершіген сайын қара желмен жарысқан құла жүйрік те ерен екпіндей түсті...»



«Темірлан» романы.



«..Дауылқара алдымызда сұлай созылған ұзын жотаның арғы беткейінде, жылуаншаның ұлтанына түсіпті. Құрбандығын құлшына іліп,қатуланажаншыған қарулы жас қыран әр саласы сала құлаш құрыш қанатын ақша
қардың бетіне жайып тастап,өр кеудесін насаттана көтеріп,желке жүні үрпиіп ,айбар шегіп тыр.Жусанды қырдың қара құлақ,ақ бауыр от жалындай алтайысы ұшы аппақ қара қылшықтысы бұлан құйрығын әлсіз бұлғап,қыран паңның астында жатыр».



«Көксеңгір» повесі.



...« .Менің асау жүрегіме мәңгілік орнаған осы әңгіменің жалғыз куәсі Көкөзек қайнарында бір ғана көгілдір көкпен тілдескен замана сырын,махаббат жырын
күзеткен Телеудің талы жасыл жапырағы жібек самалмен мың жайқалып,барша мұң сазымен сыбырлап-сыңсып тұрды».



Ақбақай повесі.



Шеті, шегіне көз жетпейтін мұхиттар мен көк тіреген зеңгір таулар сияқөты Әуезов әлемін игеру жайы бір емес, әлденеше ұрпақтар өміріне ұласатын сарқылмайтын сыр, таусылмайтын жыр екені шындық.



Мәңгілік сарын – қобыз сарынынан әлдеқайда қуатты, әсте салыстыруға келмейтін, басталуы мен аяқталуы беймәлім, түпсіз, тұңғиыққа, мәңгілікке ұласып жатқан өмірдің өз сарыны.



Қазақтың барша ұлттық қадыр – қасиетінің қаймағы бұзылмай сақталған оңтүстіктің елі мен жері.



Қаншама ғасырлар қан кешулі, жан кешулі жолдан өткен қайран қазағымыздың ұзын тарихында ешнәрсеге теңестіруге болмайтын байлығы, қол жеткен мәртебесі бар. Ол – Тәуелсіздік күні.



Бұл жарық дүниеде өмір сүріп жатқан қайсыбір халық болмасын, оның ұлттық болмысы, салт – сана, дәстүрімен ғана ерекше. Сол ерек жаратылысымен, тілі, ділі арқылы ғана қымбат екені даусыз.





 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу