Төретайұлы Қабылбек

Туындылары


ЖҰЛЫНҚҰРТ
/әңгіме/

Үзеңгібау, (таралгы
Болсын да жарың жарамды
Болмаса жарың жарамды,
Көрген бір КҮНІҢ қаранғы.
Халық өлеңі.

Кемпір деуге келіңкіремейтін, жасамыстау, қабағы қатыңқы қара сұр қатын кабинетке кердеңдей кірді, Табақтай бет қанын ішіне тартып алған сыңайлы. Жұп-жұқа қаймыжықтай ерін мейлінше жымқырылған. Таңқиған танау қусырылып, әлдебір сұмдық қылықтардан хабар беріп тұрғандай, ДҮҢК-ДҮҢК басып келіп, рұқсат сұрап сызылмайақ, солқ еткізе, орындыққа жалпия кетті. Осынау бейтаныс жан иесімен бірге бөлмеге бір қап ызғар енгендей, Әлде ашық желдеткіштен айқара ашық қалған есікке қарай өкпек жел желе жүгірді ме екен?
— Иә, құлағым сізде, мұқият тыңдаймын, — деген Мейір әдетінше.
— Тыңдасаң, ана бастығыңа кіргізетін сен бе едің? — Танауын тыржитып, қабағын кіржитті. Мұның жауабын КҮТпеді.
— Соныңа жылдам кіргіз. Мен Бақтылы Ожарқұловамын. — Жақында өздерің өлтірген Жүргенбек Амановтың жесірімін.
— Астапыралла, — деді Мейір, — өлтіргені несі? Не деп тұрсыз өзі?
— Нақ сен болмасаң да, осында отыр оларың.
Арызшының бет-бейнесі көгістеніп, көгереңдеп кеткендей болды. СҮТ пісірімдей түсіндіре әуреленіп, зорға дегенде құтылды-ау әлгі бетбақтан. Бірақ, осының түрін алғаш рет көргенмен, дауысын... бір рет болса да есіткен сияқты, иә таныс, сондай өр, соншалықты шабаланған, бажалаңдаған, сүйкімсіз, дөрекі дауыс. Мейірдің бір қасиеті — бір рет естіген дауысты айнытпай танитын, Бір-екі рет естіген ӘН-КҮЙДІ тез-ақ жадына тоқып ала қоятын. Жора-жолдастары «музыкальный слух», қүлағың — магнитофон деп әзілдейтін.
Қайдан естідім әлгінің дауысын?
Оның тастап кеткен арызын қолға алды. Оқушы дәптері толтырыла жазылған екен. Әр әріпі айқұш-ұйқыш еркін түскен. Сойдиып-сойдиып сес көрсетіп тұрғандай. «Байқа, басыңа таяқтай тиерміз» дегендей. Басыңнан төмен ТҮСІП, жылтыраған жанарыңды басыр етіп жіберу қиын емес» деп айбарлана айбат шегетіндей. Асығыс, бір деммен жазылғаны байқалады. Әріптер батыл қолмен баттиып-баттиып жазылған.
— Тоба, — деген Мейір, адамның қолтаңбасынан-ақ мінез-құлқын аңғаруға болады екен-ау.
Хаттың ұзын-ырғасы мынадай екен: Жүргенбек Аманов-ты, Бақтылы Ожарқұлованың Құдай қосқан қосағын бұл өңірде білмейтін кісі кемде-кем. Елге еңбегі сіңген, халыққа қалаулы болған. Зейнеткерлікке жете алмай, өмірден өтіп отыр. Ғұмыр бойы тыным да, тыныштық та, рахат та көрмеген. Еңбегін елге, Отанға, өкімет пен партияға арнаған. Ендігі сөздің тоқ етері — азаматынан, асыраушысынан мезгілсіз ерте айырылған бала-шағасы мен жесіріне, яғни, Бақтылы Ожарқұловаға... Жер керек, жер болғанда анау-мынау, бықыбай-тықыбай маңайдан емес, қаланың қақ ортасынан жанармай құю бекетін соғуға лайықты болу керек. Әйтпесе... Хаттың аяғы зілмен, ескертумен аяқталыпты. Егер осы айтқан «заңды» талап-тілегі орындалмайды екен, онда шағым иесі ешнәрседен тайынбайды. Барар жердің бәріне жетеді. Ең үлкен адамға да кіреді. Міне, осылай.
Бейшара Жүргенбек Аманов... алғырлығымен, адамдығымен ауызға ертерек ілінген айтулы азаматтың бірі едіау. Ол кезеңде көзге түскен іскер мамандар кеңес, партия қызметіне тартылып, аса қиын деген саладағы тірлікке же-гілетін. Адал, абыройлы жандарды өз қатарына ала оты-рып, партиялық, кеңестік ЖҮЙӨ ез қадір-қасиетін арттыруды да әбжілдікпен мұқият ойластырып отырған-ау.
Мейір ол кісіні сырттай жақсы-ақ білетін. Әйелінің оспа-дарсыз қылықтары мен балаларының көрмәдік тірліктері-нен де толық хабардар-ды. Себебі, бұл білетін жайлар мен жағдаяттар елдің бәріне дерлік жария да, мәлім еді. Ер азаматтың бағы да, Қыдыры мен Қызыры да Қызыл көйлектіге, яғни, Құдай қосқан қосағына байланысты, бай-лаулы дейді ғой. Сол қағида, Құдай біледі, ып-рас шығар.
Небір марғасқа, жақсылар мен жайсаңдардың басына бақ қонып, маңдайы жарқырауы да, бағы тайып, пешене соры бес еленбегі де Адам Ата қабырғасынан жаратылған Хауа-Ана өкіліне төтелей байланысты болған, болып келеді, бола да бермек.
Жетім өсіп, өзі болып, өзі толған Жүргенбек жігіт ағасы жасқа дейін өз гұрғыластары мен қатарластарынан артпаса кем соқпай, маңдай алды, алдыңғы қатарлы лектен көрініп жүрген қызметкер саналагын-ды. Бірақ, иә бірақ, отбасы деген — төрткүл дүниенің бір-бір бұрышына қарап гұрған гөрт дөңгелекті арба да, отағасы — сол арбаны алға апаруға әрекет етеді екен. Бір не екі дөңгелек түзу дөңгелемей қиқалаңдай бастаса, сол арба — отбасын сүйреушіге — отағасы — атқа шектен тыс тежеу мен ауыртпалық түсірер екен. Сол арба — үйелменнің жайкүйінен жақындары мен көрші көлемдері, аралас-құралас-тарынан өзгелер бейхабар, ұзақ уақыт өмір ақырын өте беруі әбден МҮМКІН, Дегенмен, мың КҮН сынбаған көзе бір күнде, белгілі бір мезетте күлпаршалана быт-шыты шық-пай ма?
Бұл жолы да солай. Облысқа жоғарылайды екен деген Жүргенбек аяқ астынан ауданның бірінші басшысы қызметінен қалпақтай ұшып, артта қалған бір кеңшарға директорлыққа жіберілді. Ел ішін өсек-аяң, қауесеттің өрті шарпып, біраз жайларды күйдіріп шықты. Негізгі себеп өзінің жеке басының емес, қатын, бала-шағасынан десті білетіндер. Балалары басбұзар, көкірек, ұрдажық, «тентек суға» құмар екен-біш. Мейрамхана, кафелерде ішкен-же-гендерінің ақысын төлемейді, онысымен де қоймай, «ә» десең — «мә» деп балағаттап, қорлап кетеді екен.
Бірде үлкен ұлы милицияға ТҮСІПТІ. Шектен шығып кетер тірлік жасаған соң әкеліп жапқан ғой. Есіте сала Бақтылы жетеді де: — Босат баланы жан керек болса, — дейді милиция бастығына. Айқайдың ақыры — аудандық мили¬ция бәстығының қос погоны жұлынумен, екі бетіне ұрылумен, аузы-басына сыйғанша зәһар төгумен аяқталады. Бағыныштыларының алдында бар абырой-әптарихаттан адакүде айырылып, «ит терісі басына қапталған» полковник облыстың бірінші басышысына жазбаша арыз түсіріп, араша сұрайды.
Мынадай ит қорлықтан қорғаштауын өтінеді. Өз ҮЙ-ІШІН тәрбиелей, жүгендей алмаған коммунист-басшы кімді қарық қылады? Біздің басшымыз кім өзі? Аманов па, жоқ оның оспадарсыз әйелі Ожарқұлова ма? — деп ел ішінде бұрыннан-ақ сыбырмен айтылып жүрген сұрақты төтесінен эрі тіке қабырғасынан қояды аудандық милиция бастығы.
Амановтың мәселесі сорлага шешіледі.
Сөйлеп қалған ауыз жыбырлауын қоймас демекші, Бактылы «кеңшар директорының әйелі» деген «қызметте» де көп ұзамай, сыр алдыра бастады. Өзі ішкенді тәуір көреді, ал ішіңкіреп «кәмәліне» келіп алған соң, Алла сақтай гөрсін, ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейді. Ойына келгенін істейді, ойына алғанын орындатады. «Қаңғырған қақбас» байын да «қатырған» қаншама рет. Егіс басындағы қоста, актив, не бас мамандардың үйінде арнайы дайындалған талай-талай дастарқандардың шәт-шәлекейі шыққан.
— Құдая, беті құрысын, — деп талай мәрте бетін шымшысқан ауылдың байырғы бас мамандарының бәйбіше-келіншектері.
— Арқасы бар екен, арақ жақпайды, құтырынып кететіні содан-быс десті кейбіреулері.
— Неғылған арқа алжып жүрген? Ақымақ десеңші одан да. Есіл ер-азаматтың алтын басын қор етіп, төрдегі басын көрге сүйреуші десейші.
— Осындайды көріп өскен балдар не оңсын, — дескен екінші біреулер. ЕКІ-ҮШ жылдан кейін Жүргенбектің бұл кеңшарда да жағдайы шатқаяқтауға айналды. Көрші-көлемге қадірі қал-мады. Жас пері — актив, бас мамандар дер кезінде бас шұлғығанмен, теріс айнала бере табалауға бейімделді.
— «Ақылың да, нұсқауың да өзіңе». Жақсы екенсің анау көк бет, көк долыңды жөнге салмайсың ба? — дейтіндей. Кезге шұқып, бетке нұқымағанымен сондай бір нәрсенің белең алып кеткенін Жүргенбек сезеді. Жан-жүрегімен, көңіл-ауанымен аңғарады. Ал абырой адаланған жерде кесір-кесапат етек алады, итің қыңыр жүгіреді.Алға басқан адымың кері кетеді. Жүргенбектің құрметті еңбек демалысына шығуына бес-алты жыл бар еді. «Өлмегенге өлі балық» демекші, өстіп шаршаңқырап, ұнжырғасы ТҮСІП, салы суға кетіп жүргенінде республикалық бір ведомствоға бұның сыйлас жол-дасының тағайындала кетпесі бар ма.
Жүргенбек сол досын құттықтап қайтуға, әрі көкейіндегісін айтуға бара жатқанда, Мейір де бір мәселемен.
Алматыға ұшқан, Ұшақ салонында қатар отырды екеуі. ӘЖІК-КҮЖІК, әңгімелескен болды. Не себебі бар екені өзіне аян, тепкішектен ттскен соң Жүргенбек Мейірге:
— Бірге жүрейік. Қонақүйге де бірге орналасайық, ақыры ертең бір рейспен қайтады екенбіз, — деді. Мейір келіскен.
Таңертеңгі рейспен келген екеуі де тірліктерін сол КҮНІақ тындырысып, алған нөмірлерінде кешке кездескен,
Жүргенбектің көңілі көтеріңкі. Досын құттықтапты. Айтқан мәселесі де оңқай асықтай үйіріліп, оңтайымен шешіле кеткен. Яғни, Жүргенбек сол ведомствоның облыстағы бөліміне бірінші басшысы қызметіне бұйрық алған.
— Ақыры ауылдың баласы екенсің, жазған-сызғандарыңды бұрыннан оқып жүруші ем. Жолың жеңіл, тілегің қалыс екен. БҮГІНГІ бар шығын ағаңнан. «Жетім қыздың тойын» жасаймыз. Жолдастарың болса, шақыр. Жуады ағаң, осы қызметтен зейнеткерлікке аман-есен шығып алсам...
— Иә, айтпақшы, телефон соғу керек екен ғой, үйге. Жүргенбек жеделдетіп ауылды, ондағы ҮЙДІҢ телефонын тере бастады.
«Ертең ҮШЫП бара жатып, бүгін телефон шалмаса болмай ма екен? Өзіміз... өзіміз есеп бермейміз қатын алдында» — деп ойлады Мейір жымиған қалпы.
«Ә-ә-ә, жаңа қызметін айтып, бәйбішесін қуантып қоймақшы екен ғой», Жүргенбек сымтетіктің арғы ұшындағы жанға тәптіштей түсіндіріп, байыптай баяндап отыр. «Қазақстан» мейман-ханасы, Люкс. Екі кісілік. Телефоны бар. Нөмірі 62-47-42. Қасымдағы өзіміз жақтың жігіті. Жақсы жігіт. Обкомда зав.отдел, Тірлік тынды. Бұйрық қолда. Ертеңгі рейспен. Ал жақсы, жақсы. Жігіттің аты — Мейір. Жақсы, жақсы. Ертең, Құдай қаласа, барып қалармын.
Кешкі ас ішілгеннен соң Жүргенбек әлдебір тірліктерімен төменге ТҮСІП кетті де, Мейір бөлмеде демалып жат-қан. Телефон без-без етіп, шырылдай жөнелді. Қалаара-лық байланыс. Көтерді. Ар жақтағы әйел әй-шәй жоқ ба-жалдап кеп кетсін: — Әй, қақпас неғып жатсың? Кіммен жатсың? Кімнің қойнында жатсың деймін жабысып? Неге үндемейсің? Тілің жағыңа байланып қалды ма? Неге ҮНІҢ өшіп қалды, ҮНІҢ өшкір?! Ой, даусың жердің астынан шыққыр! Үндемей жүріп жеңем дейсің бе? Жүрімің қысқарғыр!
Жүрімің қысқарсын. Жүргенбек сұмырай. Ой, тілің жұтылғыр албасты, атаңа нәлет! Бөлме ішіне кенеттен канали¬зация құбырынан зәр мен нәжіс аралас лас қоймалжың ақтарылып кеткендей. Не деп жауап қатудың ретін таппаған мейір: — А-а-ппай, мен басқамын, Жүргенбек емеспін. Қасындағы көршісі едім, бөл-ме-лес деп бөліп-бөліп айтты.
— Басқа дейді? Басқа болсаң, атаңның басына көтердің бе телефонды? Сен қай бір жетіскен шырағымсың? Ана қақбас сияқты сен де бір СҮЙКІМСІЗ сорлысың да, — деп сарт еткізіп телефонды тастап жіберді. Сол кезде бөлмеге Жүргенбек кірді.
— Ә, жас пері, қайда қоңыраулатып жатырсың, — деп қуақылана тіл қатты.
— Жоқ, бізге телефон соқты. Ауылдан, апай шығар, — деді Мейір.
— Ә-ә, Бақтылы ма? Тағы да шығатын шығар. Ол сөйтеді, — деп жеңілдеу күрсініп қойды.
Шынында Бақтылы тағы бірнеше рет қоңыраулатты. Әр жолы жарты сағаттай мазасыздың әуеніне салып, баяғы күйтабақ қайталана берді-ау шамасы. Соңғысында: «Ту, не деген көк мылжың едің! Отқа ҮЙІТІП жесең де үйге барғаннан соң болсын да, — деп телефон тұтқасын бұл лақтырып жіберді. — Атаңа ғана нәлет-ай, өлтірді-ау, күйдірді-ау қарадай қарап! Ит пен мысықтай ырылдасқан мұндай тірліктің аты өшсін дә.
— О жұлынқұрт, жұлынқұрт, жүйкемді жүндей түттің-ау! Жеп бітірерсің жанымды, жұтып бітерсің жүрегімді.
Содан соң, ішілген ішімдіктің әсері ме, әлде көптен ішқұса, дықат жүргендіктен бе, әлде көкірегінде көп жылдан бері шемендей қатқан запыран-зарынан бір сәтке болса да арылып, жеңілденгісі келді ме, Жүргенбек Ама¬нов ада-күде ақтарылған, жан сырын ашқан, көңіліндегі шиеленген ТҮЙТКІЛДІ түйіндерін шешкен.
Мейірдің Жүргенбектің жан сырынан ұққаны мол. Шетжағасын бұрыннан елден естіп жүрген, әрі алғыр да, зерек, сезімтал жігіт көп жәйтті қапысыз аңғарып, басы басталған нәрсенің қоябасын өз таным-санасымен ұғына, жадына сіңіре білген.
— Құдай өз санасына бермесе, ез ар-ұятына жүгінбесе, адамды, әсіресе, ұрғашы пенде — әйелді, оның мінез-құлығын түзеймін, қайта тәрбиелеймін, әдемілікке әдіптеймін Деу далбаса гәп, бос әурешілік, сор-бейнет.
Жүргенбектің көзі осыған әбден жеткен. Жеткізген Бактылы. Осы Бақтылы Жүргенбекке бақ емес, сор боп жолықты.
Рас, сырт көзге жағдайлары жақсы сияқты. Ұлсыз, қызсыз емес. Қызметте кешеге дейін өсумен келді. Малсыз, пұлсыз, дүниесіз кезі жоқ. Тарығу, тапшылық деген бұлардың отбасын айналып өтті, «Семіздікті қой ғана көтереді» деген рас екен. Барды, байлықты, майлылықты көтере алмады Бақтылы. Оның үстіне «гәп», қатындардың «девич¬ник» деген отырыстары шыққалы — соңғы бес-он жылдың көлемінде өзгерді ғой. Адам танымастай.
Әрине, бұндай өзгеріске себеп-сылтау өзінде, жұмыс жүйесінде де жатқандай. Партиялық жұмыстың осал жері де, мықты жері де, темірдей тәртібінде еді. Сол темір тәртіп бойынша коммунист моральға жат нәрсе отбасымен тату тұрмау. Отбасы — шағын мемлекет. Сол шағын мемлекеттің ішкі саясатын дұрыс жүргізе алмаған жан кімге тұлға, кімге дәрі, кімге шікәрә? Жұмыс-жұмыс деп ерте кетіп, кеш келіп, жұбайлық, жұптық, үйелмендік өмір-тұрмыстың әлдебір арқау жібін босаңсытып алды-ау, шамасы. Оның үстіне пәртиялық-кеңестік қасаң қағидаға сүйенген, қатып-семген социалистік өмір саясаты — моральдік азғындауға — яғни әйелмен ажырасып, «советтік» сәбилерді тірідей жетім еткенді ке-шірмейтін. Советтік Ұлы Отанда жетімдер болуға тиіс емес-тін. Сонымен, бұдан ТҮП көтеріліп ажырасып кете ал-майтынына, кетпейтініне көзі жеткен Бақтылы бас білме-ген асаудай қияңқы қылықтар керсететін. Қатты айқай-ұйқай басталып, жеме-жемге, қол жұмсар жерге келгенде долы қатын:
— Қане, қолыңды тигізіп көрші, аяғыңды аспаннан келтірейін.
Шаңырағыңды ортаңа түсіріп, шаңыңды тулақтай қағайын! Көзіңе қара, көзіңе көк шыбын ұймЪлетіп жіберермін. Әйел жолдастарға үкімет пен партия тең право берген. Арыз жазайыншы — бюрода қарап, бұйра-бұйраңды шығарсын. Партбилетіңді жұлып алып, парт еткізіп бірақ тепсін майлы жеріңнен. Үйіңді таппай кетерсің, сорлы, ҮЙІҢДІ! — дейтін Бақтылы Ожарқұлова. Айтқандары негізсіз емес еді, әрине.
Жүргенбектің ашына, ашыла айтқан ұзақ әңгімесінен түсінгені, Құдай қосқан қосағы көп ретте еміріне егеу, аяғына тұсау, бетіне шіркеу, көңіліне қаяу болып келген. Қара нардай қасқая тартқанмен, өгіздей өрге сүйреп КҮ-іхіенгенмен, демеуі жоқтың аты — демеуі жоқ, Шаршаған, қалжыраған, болдырған. Ендігі бар мұрат-мүддесі — аманесен зейнеткерлікке ілінсе... Ары қарай көріп алар еді. Тәңірдің пешенеге жазғанын.
Жүргенбек аз-кем ҮНСІЗ отырды да, көзін бір нүктеге қадаған қалпы қарлығыңқы дауыспен бір қайғылы мұңлы әнді айта бастады.
Үзеңгібау, таралғы,
Болсын да жарың жарамды.
Болмаса жарың жарамды,
Көрген бір КҮНІҢ қараңғы...
Бай-бай, бай-бай, бай-бай-ай
Көрген бір КҮНІҢ қараңғы-ай...
Мейір сол ТҮНІ ұзақ ұйықтай алмады. Жүргенбек оянып кетпесін деп, аяғының ұшымен жайлап басып, лоджияға шықты.
Туу, шіркін! Маусымның ТҮНІ... ТҮНГІ АЛМӘТЫ 17-қабаттың биігінен тамаша көрінер екен. ТҮНГІ ТҮП-ТҮЗУ кешелерді әдемі шамдар самаладай жарқыратып тұр. Қол созым жерде Алатау қарауыта зораяды. Ақылман қария ару Ал-матысының тыныштығын күзетіп, қырағы қарауылдай қалт етпей қалшиып, демін ішінен алып тұрған сияқты. Алатау бауырындағы көгілдірлеу жарыққа көмкеріле, көміле көрінген Көктөбе әлгі Алатау атаның енші алып, жеке отауға шыққан келіні іспетті ме?!
Мейір өз теңеуіне өзі ризашылықпен жымиып қойды. Келіншектей Көктөбе!
Еске алсам Көктөбені,
Ойыма от береді.
Алғашқы махаббатқа
Куәгер көк терегі!
Алғашқы махаббат! Жансаямен осы Көктөбеде таны-сып, ақыры осы Көктөбеде табысқан еді. Аралары ҮШ-төрт-ақ жас. Соған қарамастан, кейде бір әбестеу тірлік істеп, оны өзі мойындамауға айналғанда, Жансая:
— «Осы ісіңіз өз бойыңызға лайықты деп есептейсіз бе!» — деп жорта сыпайылап қалғанда, Мейір қарадай Қьісылатын. Жансая екеуінің арасындағы адами қарым-Қатынас адал жұптылықтан да жоғарылау, адам мен аДамның арасындағы берік достық, қылаусыз татулық, Тұғырлы одақ сияқты сезілетін.
Сондықтан да Жансаяға берік, қапысыз сенгендіктен де, тәуліктің кез-келген мезгілінде жора-жолдас, дос-жаран, сырлас, сыйлас әріптестері мен қызметтестерін Үйге емін-еркін ертіп келе беретін, Ал, Жансая жоғын бардай, ботасын нардай етіп сыр алдырмай КҮТІП жіберуден жаңылған емес. Ақ пейілдерінен бе, біреуге КҮДІК ойламас кеуілдерінен бе, бірі аудандық газеттің корректорлы-ғынан, екіншісі орта мектептің «Пионер вожатый» қызметінен, жоғары білімді қос маман жиырма жылды артқа салған кезде, әуелгісі білдей бір мекеменің басшысы, кейінгісі бір ғылыми өндірістік мекеме бастығының орын-басары деген әжептәуір лауазымды қызметтерді атқарысып жүріпті. Кейбір жолдастары: — Ойпырмай, екі жақсы қосылмайды деуші еді, осы пікірдің кәкірі барлығын сен екеуің дәлелдедіңдер-ау деп әзілдер еді.
Осындайда Жансая: — Е-е-е... Енді біз ер-азаматтан бір елі болса да темен, бір табан болса да кейіндеуміз ғой, — деп қоятын.
Телефон тағы безек қақты, Қалааралық байланыс, Жүрекең қорылдап ұйықтап жатыр. Қалжырай шаршаған сыңайлы, Оятуға қимады. Телефон тұтқасын көтеруге ЖҮрегі дауалмады. «Шіркіннің ТҮНГІ даусы неткен шаяндай еді?! Жүйке-жүйкеңді шағып-шағып алады екен». Шар-шар етіп, екі-үш минөттен соң ғана ҮНІ өшті.
Таңертең бозторғай оянбай жатып, қалааралық байла-ныстың тынымсыз шырылы тағы да бебеу қаққанын, ұйқысы қанған Жүргенбектің жалынғандай сыбырлай, күйіне сөйлескенін сергек ұйқылы Мейір сезіп жатты.
— Сенсең, айналайын Бақтылы, тура көк желкемді сан мың ине сұққылап тұр... Қоя қойшы енді, құрбандығың болайын. — Қоймады. Болмады. Телефон иінді серіппеге сарт еткізілді.
Қайтар жолдағы әңгіменің қиюы да, қызығы да қашқан. Бес мың метр биіктегі бір жарым сағатты екеуі әрең өткізгендей КҮЙ кешті.
Содан екі жыл өткен соң, Жүргенбек Амановтың кенеттен қайтыс болғандығы жөніндегі хабар оны білетіндерді елең еткізген. Бірақ, жаназаға жиналған жалпы жұрттың Мейірден басқа бірде-біреуі осынау азаматтың «Жұлын-құрт» атты дерттен опатқа ұшырағанын білмеген де, сезбеген де еді. Мейір мәйіттің қасынан қоштасып өтіп бара жатып, Бақтылының бедірейген бетіне қадала қарады да, пенесі дір ете, кекірек жара күрсінді де, жанарының жасаурап бара жатқанын сезіп, қадамын сәл жылдамдатып, дәу қара жұлынқұрттан тезірек алыстауға тырысты.

«ОҢТҮСТІК Қазақстан» газетінің 1998-жылғы 21-қазандағы нөмірінде жарияланған.»



 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу