Төретайұлы Қабылбек

Туындылары


Көкбөрі

Жаныңа жігер жай тастар,
Өмірде қанша айқас бар.
Айбарлы атам Алпамыс
Атанды жұртың «алқаштар».

Несібесіз бейбақтар,
Ар алдында тайғақтар.
Ерсайынның ұрпағы
Санасыздау «сайғақтар».

Тоздырып табан тіркеме,
Самайы толып сіркеге.
Қайран көгенкөздерің,
Жарымай жүр күркеге.

Шегір көз билеп төрімді,
Таспа етіп тілді терімді,
Тіл мен дінді қосақтап,
Қазуға таяу көрімді.

Жебір ой жайлап жерімді,
Өзімнен иттеи жерінді.
Көкбөрінің зәузаты-ау,
Сіздерге не көрінді?!

Көкбөрі қақпан темірді,
Азумен шайнап, көмірді.
Бұралып жеткен жирен мұрт,
Жал-жаяға семірді.

Қаңыратып көңілді,
Боздағым қанға бөгілді.
... Ит болудан көкбөрі,
Артық көргөн өлімді.