Төретайұлы Қабылбек

Туындылары


ШЫРАЙЛЫМ МЕНІН!
(Сұлушашқа)

Ойыңнан сезбей «ептілік»,
Бойыңнан көрем тектілік.
Талай тірлік жайғайсың
«Қабең шешкен» деп КҮЛІП,

Қос ескек қайық секілді,
Бөгесін кештік не түрлі.
Бола алдық па өрелі,
Мезгілде осынау екінді.

Қайнарлық қос күй едік,
Бір-бірімізді сүйедік.
Бозбалалықта жұптасқан,
Боз ала басты иелік.

Сырымың мен Назымың —
Сырың менөн наз ҮНІҢ,
Мерейің, Нұрдәулетің —
Жіпсіз байпар қазығың.

Шерханың мен Нұрланың —
Шүкір, тәубе қылғаның.
Жарасады соншалық,
Соларды аңсап тұрғаның.

Өз қызыңдай Салтанат,
Сырлас, Қыздан — Мархабат.
Құттықтауда туыс, дос,
Ауыл-аимақ, шартарап,

Дуға жаның ырза емес,
Содан қостым жырға кеш.
Құтты болсын басыңнан,
Екі айналған жиырма бес.

Бірге еңсердік қиынды,
Бір меңзедік қиырды.
Бірге өткере берелік,
Тағдыр жолын шиырлы!