Төретайұлы Қабылбек

Туындылары


СЕЗІМ СУРЕТТЕРІ

Туған бұлақ, емес бұл көлгірпігім,
Бәсіре боп қалғандай мөлдірлігің.
Жалаң аяқ жас күнді аңсауменен,
Емірене жағаңа келдім бүгін.

Бір ұланым сағына келді деумен,
Анамдайсың қарайтын елжіреумен.
Қадау-қадау әр жерде қамысыңдай,
Қарттарым да қалыпты-ау селдіреумен.

Қайран Қайнар, сені аңсап шөліркедім,
Сағынышты сезімді неге іркемін?!
Бара жатыр көңіліме жұмсақ тиіп,
Жалбыз түгіл жантақ, пен шөгіртегің.

Қайнарбұлақ — қайырылмас балалығым,
Қозды-ау қайта кеудемде шапа бүгін.
Жасаураған жанарды жасырмаймын,
Жанды баурап жып-жылы барады ҮНІҢ.

Қоссам деп ем достардың бір бастарын,
Тоссам деп ем тобымен қырды асқанын.
Шашсам деп ем шешіле жыр-дастанын,
Ашсам деп ем көңілімнің бір бастауын,
Қайда екен көгенкөз құрдастарым?!

Аман болшы, анамдай туған бастау,
Өсе бергей ұландар менен жастау.
МҮМКІН бе екен санамнан сені аластау,
Аман болшы, анамдай туған бастау.



 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу