Төретайұлы Қабылбек

Туындылары


Сағындым әсем әніңді

Сағындым әсем әніңді,
Кеудеңе лықси сыймаған.
Жаралап алдым жаныңды,
Бір өкпеңді қи маған.

Тіл жетпес сендік көрікті,
Өзіме де қимағам.
Жанары мұңлы елікті,
Қандаи қорқау қинаған?

Аңғалдықпенен ашық тым,
— «Жаныңды аға, жай» — дедің.
Көңіліңді тағы жасыттым,
Қорқаудан артық қай жерім?

Болғанда иттің иесі,
Бөрінің бар ғой тәңірі.
Ғашықтық — дерт киесі,
Жүрмейтін ешкім әмірі.

Жүре алады жалғанды,
Жалпағынан басып кім?
Жүрегім менің арманды,
Ғашықпын, ғашық, ғашықпын!

Хан ие болса сарайға,
Құдайы бар лашықтың.
Бөгеуге сүйген қарай ма,
Дауасы — СҮЮ ғашықтың!



 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу