Төретайұлы Қабылбек

Туындылары


Өрісті өлең

КҮЛЛІ әлемге танытқан,
Ұран болып шаңытқан,
Сәулесі өткір жарықтан,
Дәмі тәтті қаныттан,
Тамыр тартқан алыптан,
Қазақ деген халықтан
Қайран өлең!

Жалғыздықта бір болған,
Абыз болған, пір болған,
Сауласа бір нұр қалған,
Асқақтаса дүр болған,
Алмастай мың қыр жонған,
Ғашықтарға сыр болған
Арман өлең!

Бастау алып шабыттан,
0й көгенін ағытқан,
Қайтпай алған бағыттан,
Екінші өмір сағынтқан,
Таланттыны танытқан,
Талайсызды сабылтқан,
Қалың жұртты табынтқан
Шіркін әлең!

Қаршадай бір жасыңнан,
Ажырамай қасыңнан,
Раушандай ашылған,
Нұр маржандаи шашылған,
Аумай текті лашыннан,
Безсе ұшар басыңнан
Бір КҮНІ өлең!

Көз тоқтатқан көркемге,
Шоқ тастаған өртеңге,
Еміренткен ертеңге,
Жел кернеткен желкенге,
Еңсе тіктер ер кеуде,
Елжірейтін шер кеуде
Гөзел әлең!

Сыңғыры әсем шолпыдан,
Өмір болып толқыған,
Жол тосса да мол тұман,
Тор қосса да зор КҮМӘН,
Айнымайтын антынан
Айырылмайтын салтынан
Өзен-өлең!
Беу, қайран өлең!
Арман-өлең!
Гөзел-өлең!
Өзен-өлең!