Дәркен Танабаев

Асыл сөз


Балалар жылына орай балалар әдебиетіне ерекше көңіл бөлініп, олардың кітап болып басылып шығуына көмектесу қажет.
Қазақстанда балаларға арнап жазатын қаламгерлер аз деп ойламаймын. Тек соның кеңінен насихатталу жағы кемшін болып тұр. Егер Үкімет тарапынан мүмкіндік болса бала психологиясына лайықтап қазақ аңыз ертегілерінен фильм мен түрлі жобалар жүзеге асырылса құба-құп болар еді. Жалпы қазіргі кезеңде, кез келген ата-ана бала тәрбиесіне атүсті қарайды дегеннен аулақпын. Ол онсыз да әрбір ата-ананың жеке міндеті және оның ой-түйсігінің деңгейіне де байланысты. Қазақта мынандай бір жақсы қағида бар. Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай сыйла, он бес жасқа дейін, құлыңдай қина. Он бестен ары, досыңдай тыңда демекші, баланың өсу кезеңдеріндегі процестерін қадағалап отыру керек. Оған өмірге жауап кершілікпен қарауды талап ету керек.



 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу