Дәркен Танабаев

Лебіз


Дарыны даусыз Дәркен бауырым сыпайы бауырмал мінезімен Күнгейдің әдеби ортасына тез сіңіскен лирик ақын. Балаларға арнап жазған жыр жинағы да жарық көрген. Жалпы, өз басым оның үш кітабымен таныспын. Туасы бір біріне ұқсамайтын дарынды ақындар шоғыры пайда болғанда қай әдебиет те, қай қоғам да өсу мен өрлеуге аяқ басарын бізден бұрын бұрынғылар да айтқан. Соның растығына көзіміз жеткендей.

Сәрсенбек Сахабат



      Дәркеннің жинағын оқи отырып, поэзия айдынына үлкен дайындықпен келгенін, әсіресе күрделі эпикалық жанрда жазуға икемді екенін аңғартады. Ақын оқиға құруға шебер, поэзияның көркемдік тәсілін тәуір меңгерген. Кітаптың тілі жатық, шұрайлы, түсінікті. «Әке көрген оқ жонар» демекші, ұлағатты ұстаз, зерделі ғалым, ақынжанды әкесі Өміртай Танабаевтың жолын қуып, ақындық жолына түсіпті. Жүрек әмірімен таңдаған ауыр да қиын жолда жас ақынға шығармашылық табыс тілейміз.

Көшкінбай Елікбаев




Жалпы алғанда, Дәркен ініміз қаламы қарымды лирик ақын.Астана,Алматы қалаларының жырқұмар қауымына біршама таныс болғанымен, өзіміз осы күнге дейін бұл жігіттің өнерінен бейхабар болып келіппіз. Оған өзінің кішіпейілдігі де себепкер болған-ау, шамасы... Ғажабы мен азабы қатарласқан ақындық жолды таңдаған сыршыл ініміздің жазары таусылмай, тамыры тереңнен тартар шынайы да сырлы, жемісті жырлары молая бергей.

Кендебай Ахат





 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу