Шілтерханов Әдіһам

Өмірдерек


      Әдіһам Шілтерханов 1925 жылы 24 шілдеде қазіргі Ордабасы ауданының «Төрткүл» ауылында туылған. 1934-1940 жылдары Шымкент қорғасын заводындағы қазіргі Жамбыл атындағы мектепте, 1940-1942 жылдары осы қаладағы Спатаев атындағы орта мектепте оқып, 1942 оқу жылының екінші жартысын Георгиевка орта мектебінде аяқтады. 1961 жылы Алматы ауыл шаруашылық институтын бітірді. Мамандығы бойынша ғалым-агроном. Ал еңбек жолын 1943 жылы Төрткүлдегі орта мектепте мұғалімдіктен бастаған. 1943-1944 жылдары даңқты Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның құрамында Ұлы Отан соғысына қатынасып, елге ауыр жараланып оралды. 1945-1969 жылдар арасында казіргі Ордабасы, Бәйдібек ауданында мұғалім, Байдібек ауданындық Комсомол комитетінде хатшы, аудандык партия комитетінде нұсқаушы, аудандық газетте бөлім меңгерушісі, совхоздың бас агрономы, Красная-Нива ұжымшарында партия комитетінің хатшысы, одан кейін сол ұжымшардың төрағасы қызметтерін атқарды. Партияның жолдауымен Отырар ауданына ауысып, 1969-1981 жылдары «Арыс» ұжымшарының директоры, 1981-1985 жылдары аудандық тұрмыстық қажетті өтеу комбинатының директоры болып, жемісті еңбек етті.
      1985 жылы зейнеткерлікке шығып, шығармалықпен айналасқан Ә. Шілтерханов казақ эдебиетінің кей саласына зерттеулер жүргізіп , прозада көркем туындылар берді. 1988 жылы Алматы «Жалын» баспасынан «Үш бәйтерек», сол баспадан 1993 жылы «Ақжалдын ақыры», 1994 жылы «Жібек жолы», «Баспа» фирмасынан «Аталы сөздер», 1995 жылы Алматы «Атамұра» баспасынан «Аталы сөздер», 1995 жылы Алматы «Рауан» баспасынан «Саттар Ерубаев» атты кітаптары жарық көрді. 2000 жылы «Ордабасы» баспасынан шығармаларының I томы, 2001 жылы сол баспадан II томы, ал 2006 жылы III томы басылып шықты.
      I томда хикаяттар мен этнографиялық әңгімелер, II томға зерттеулер, аталы сөздер, өлеңдері, III томда әңгімелері топтастырылған. Бұдан өзге Ә. Шілтерханов еңбектерІ оннан астам ұжымдық жинақтарға енген. Оның таза қазақы мақымда шырайлы тілде жазылған, тағлымдық, ғибраттық мәні зор, шығармаларының әдебиетімізде орны ерекше. Ол Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Отырар ауданының кұрметті азаматы.
      Ә. Шілтерханов Қазақ ССР Жоғары Кеңесі президиумның құрмет грамотасы мен Бірінші дәрежелі Отан Соғысы Орденымен, соғыста және еңбектегі ерен еңбектері үшін он төрт медальмен марапатталған.
      Отырыр, Байдібек аудандарының құрметті азаматы, абыз ақсақал Әдіһам Шілтерханов 2018 жылғы 3 қаңтарда 93 жасқа қараған шағында өмірден өтті.



 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу