Мұхтар Шерім

Лебіз


Мұхтар Шерім есімі қазіргі қазақ сатирасындағы белгілі, танымал болып үлгерген тұлғалардың бірі десек артық айтқандық болмас. Тума таланттылығына ізденімпаздығы мен шеберлік қыры сай келіп еңбек етіп жүрген сатирик-жазушының бүгінгі күні төрт томдық шығармалар жинағы жарық көріп үлгерді, бұл сатира жанрында сирек кездесетін еңбекқорлық.

Нариман Нұрпейісов,

Фил. ғыл. кандидаты,

М.Әуезов атындағы ОҚМУ доценті.




Шын мәнінде де күні кешегі сатира сайыпқырандары болған аға буын Оспанхан Әубәкіровтердің биік көтерген туын ұстап қалған аз ғана сатириктердің бірі «күлкі қаһарманы Мұхтар Шерім».  Біз білетін Мұхтар Шерімнің өзіне тән ерекшеліктерінің бірі қысқа әрі нұсқа жазады. Себебі сатира шұбалаңқылықты сүймейді, ол ұзақ-сонар баяндап отыратын әңгіме емес, керісінше ұзақ баяндауға барған жағдайда өзінің мән-мағынасын әлдеқайда әлсіретіп алады. Сатирик Шерімнің айырықша атап өтерлік басты қасиеттері – батылдығы, өткірлігі, дер кезінде дәуір рухына үн қосып отыратындығы.

Нариман Нұрпейісов,

Фил. ғыл. кандидаты,

М.Әуезов атындағы ОҚМУ доценті.



Мұхтар Шерім қаламы батыл, шығармаларының формалары да әр алуан, тіпті көпшілігі сахнаға өзі сұранып тұрады десе де болғандай. Біздің қоғамда дертке айналған қасірет көп, сол себепті де сатира сайыпқыраны жауырды жаба тоқымайды, қаламды батыл сілтейді. Соның дәлелі болатын шығармалар тіпті де жеткілікті.

Нариман Нұрпейісов,

Фил. ғыл. кандидаты,

М.Әуезов атындағы ОҚМУ доценті.

/p



Сатирик-жазушының қалам қуаты кемел шағында тұр, әдебиет әлеміне келген күнінен бастап бір сәт те тынбай бюрократ, жемқор, парақор, рухани мүгедек, мәңгүрттермен күрес майданын ашқан жазушының бұл жолда жеңіске жететініне сенім мол.

Нариман Нұрпейісов,

Фил. ғыл. кандидаты,

М.Әуезов атындағы ОҚМУ доценті.



«Ағаларының күлкі туын жоғары ұстап өткен Осекеңнің (Оспанхан Әубәкіров – Н.Н.) туын мақтанышпен мұра етіп жүрген інілері де аянуды, аяуды білмейді,... әмбебаптың бірегейі – қазағы шүпір-шүпір Шымкент қаласының, «көктем сол жақтан басталатын» (ақын С.Асанов) Оңтүстік өңірінің, күллі қазақ даласының күлкі қаһарманы Мұхтар Шерім!»

Сатирик Ғаббас Қабышұлы



«Мұхтардың әзіл-сықақ әңгімелері таза сатира. Олай деуіміздің сыры – оның скетчтері мен әңгімелері тек бар нәрседен сарказмнен құралған. Жалпы, өмірден алынған күлкілі жағдай ғана иланымды. Ойланып оқыған адамның Мұхтардың күлкілерінде мұң бар екенін сезуі тиіс.»

Толымбек Әлімбекұлы



...Сол бала күндердiң күнiнде сатираның садағын асынып, жебесiн кезенiп шыға келдi. Ә дегеннен-ақ, нысаналарды дәл көздейтiндiгiмен дараланды. Талантын танытты. Бүгiнде Мұхтар Шерiмдi күлкi мәнiсiн түсiнетiн талғампаз оқырманыңыз да, көрерменiңiз де, тыңдарманыңыз да жап-жақсы, жан-жақты бiледi.

Мархабат БАЙҒҰТ