Серік Сейітман

Туындылары


СҮЙІСПЕЙМІН (Досымның монологы)


Сендік тағдыр қайтеді енді,.. мәс – саған?!
Сорлайды ма күйеуің мен қос балаң?
Күн көрісі мүшкіл жанды
Күн етіп
Көрсеткен бұл жанарыңнан тостаған...

Пешенеміз ... – басқа жігіт, бөтен қыз,
Іштей ғана аңсауменен өтерміз.
Сүйсек – дағы бірімізді – біріміз,
Сүйіспей – ақ қояйықшы екеуміз.

Бар пәлені бастап беріп бір көктем,
Қимас сезім тастап талай жыл кеткен.
Жырласам да басқа қыздың бақытын,
Саған деген пәк сезімді кірлетпен.

Сен де, жаным, айнымай бұл қалпыңнан,
Сыйлай білгін жүрегіңді алқынған.
Көңіліңді маған ғана берсең де,
Ерініңдіжарыңа арна бал тұнған.

Асылдардан жаратылған заты тым
Бұйырмайтын жәуһарым һәм жақұтым,
Мен қызыма есіміңді берермін,
Жолықтырсам перзент сүю бақытын.

Жібегім- ау, мәңгі сақтап санаңа,
Сен де атымды қоярсың бір балаңа.
Төлегенің мен шығармын,
Бірақ та, күйеуіңді Бекежан деп санама.

Көзім болып көңіліңнің мекені,
Тәнің ғана жарыңменен өтеді.
Ортамызда тұрған ортақ бақытқа
Қол жеткізсек, сорға айналып кетеді!