Серік Сейітман

Туындылары


ПЕРІШТЕ ҚЫЗ


... періште қызға ... сырларым бәрі
Тұншығып еді тек іште.
Өзіммен бірге нұр – жанымдағы
Сезімім бопты періште.

Тірлігім бүгін теріспен тең-ді,
Қалсам да өзім ер жетіп.
Есейткен сайын періште еркеңді
Баулыдың, Тағдыр, пенде етіп...
Періштедейін амалын қыздың
Түсіне алмадым, түсіне.
Белес боп еді арамыз біздің,
Елес боп кірді түсіме.

Тарылған ба екен Аспан да кещке,
Болды ма әлде кеңіс кем?
Сен не ғып жүрсің ластанған есте,
Пәк қана апппақ періштем?!

Періште қыз – ау!
      Еркелеп түнде,
Мазалай бердің сен неге?
Пендемін ғой мен,
      Сол себепті де
Жұп болам жәй бір пендеге!