Серік Сейітман

Туындылары


САҒЫНЫШ


Көк сеңгірден құстар көрдім,
      құстар көрдім самғаған,
Мен де ұшуға құштар болдым
      ұша алмауға арланам.

Талаптанып ұшқан болдым
      жас болса да қанатым,
Мен бүгін тас түлекпін,
      ертең көкжал алатын.

Інге қашқан тышқан көрдім,
      қорқақтық қой, оны ұғам,
Тақымымды қысқан болдым,
      ере бармай соңынан.

Шарықтатшы құстар сынды,
      тән қасиет бұл бізге,
О, Құдірет, тышқан сынды
      қара жерге кіргізбе!