Серік Сейітман

Туындылары


ХАТ


Қос жанарым түнгі аспанға байланып,
Жұлдыздардан аңғарады майдалық.
Ертеңімді болжай отырмын,
Ал бүгінгі Түн – қараңғы, Ай – жарық.

Албырт сезім жауы болып жанардың,
Ұйқыменен дос болуды доғардым.
Көзісді ілсем, түсіме де сіз еніп,
Қайта ояндым...
Құс ұйқылы боп алдым.

Сымбатыңыз не қызғалдық, не гүл – ді,
Баса алмадым сізгі деген көңілді.
Дыбыстауға дәтім жетпей,
Сезімім
Ақ қағазға әріптермен егілді.

Қолыңызға ұстатар ем ұсынып,
Көңіл бірақ қаймығуда қысылып.
Меңдегі от сезім толы сол хатты
Жел сіз жаққа әкетсе екен ұшырып...

Соқпайды ғой, жел мұңдайда соқпайды,
Жолын тосып,, жанарымнан от тайды.
Тек әйтеуір жаңбыр жауа көрмесін,
Хатым өшсе, одан асқан жоқ қайғы...

Ол бір жүрек естімес еш ерден сын,
Меңдік жүрек сол жүрекпен емделсін.
Кейіпкері хаттыңқолға түссінші,
Хат содан соң не болса да ол болсын.