Серік Сейітман

Туындылары


ӨЛЕҢІМЕ ҒАШЫҚСЫҢ


Тал бойыңа кереметтей күш дарып,
Бір құдірет сезімімді ұшты алып.
Өлеңімді өліп сүйем десең де,
Мені сүйем демейсің бір тіс жарып.

Жүрегімсіз тірі жүрмен мен жерде,
Өлең де онсыздүниеге келген бе?
Жалында жыр жаудыратын сол жүрек
Лүпілдеп тұр жалғыз «Сен» деп кеудемде.

Ал сол кеуде өзге емес, менікі,
Үміт артып, таққан тұмар, ел үкі.
Сенің мені сүймеуге де хақың бар,
Неге десең, өз талғамың сенікі.

Мелі менің кеміс болсын кей жерім,
Жасуындай санай көрме иненің.
Өлеңіме ғашықтығың шын болса,
Онда мені мүмкін емес сүймеуің...

Ақынды емес, жырды сүйіп көріктім,
Бір қайшылық басыма тұр төніп тым.
Серік қылып жаратқанша, Құдай – ай,
Өлеңі қып жаратпапсың Серіктің.