Серік Сейітман

Туындылары


АУЫЛДЫ АҢСАУ


Беу, САҒЫНЫШ!
Еркімнен тыс неге ісің?
Ақылыма қашан ғана көнесің?..
Қимасымды алшақтатқан сайын сен
Көңілді оған жақындата бересің.

Қала жақты меңзеген соң Жыр – абыз,
Солай қарай аттанғанбыз мына біз.
Тұрағымыз – Алматының лашығы,
Аңсарымыз – туған дала, құла дүз.

Ауылым – ай !
Соңына еріп мен жырдың,
Паңдығыңа тамсандым да телмірдім.
Қарт өлеңді жасартуым арқылы
Мәртебеңді асқақтатсам деп жүрмін.

Жүгенсіз – ақ мінсек – дағы малшы атты,
Жүгенсіз боп өстік десек - жаңсақ –ты.
«Жүген» сөзі жетесіне сіңбеген
Қаладағы кей қандастар шаршатты.

Шартшатқан соң, түршіктірді денені,
«Қолдарының батпан кірі» сенері.
Ондайлардың сегіз өрім қамшымен
Сауырынан сойып түскің келеді.

Ауылым – ай!
Ауаңды ұлың ақтар нән,
Өр талабым көп болса да тапталған.
Зәу қалаға қызық қуып кеткем жоқ,
Арманымның жетегінде аттанғам.

Жырақ жүріп, кейпіне енсем жаңбырдың,
Төсіңде аунап, құмарымды қандырдым.
Шынымен – ақ Адам ата мүсіні –
Топырақ – ау,.. топырағы аулымның...

Күле қарап, шақырса да керім Күн,
Ауылды аңсап, бар қызықтан жеріндім.
Жасалған –ау Адам өзге жер емес,
Топырағынан менің туған жерімнің.