Серәлиев Нәсредин

Туындылары


Кішкентай көршім

Жақында пәтеріміз қарсы есік Нұрлан дейтін көршім күтпеген жерден бір сәтсіздікке душар болды. Көшеде келе жатып жалтыр мұзға тайып құлап, оң аяғын сындырып алды. Алғаш емханада жатты, кейін жедел жәрдемнің машинасымен үйіне әкелдік.
Нұрланның Баян дейтін кішкентай қызы бар еді. Үйге Нұрланды сүйемелдеп кіріп келгенімізде, Баян қатты шошыды. Қап – қара көзі мөлтілдеп мамасына бір қарайды, бізге бір қарайды. Кенет Нұрланның: «Баянжан!» деген даусын естіп, әкесін бас салды. Құрақ ұшып кеп, «Папатайым» деп жабысқа қалды да, етегінен айырылмай қойды. Ішім бір түрлі езіліп кеткендей болды да, мен олардан көзімді тайдырып әкеттім. Арада бірнеше күн өтті. Бірде ертеңгілік далаға шықсам, әлгі кішкентай Баян үй алдындағы мұзды балтамен шауып жатыр екен. Қасына кеп:
- Баян – ау, не істеп жатсың? – деп едім, ол:
- Папамды құлатқан мұзды ұрып жатырмын, - деп кәдімгідей салмақты жауап берді. Не дерсің бұған?