Серәлиев Нәсредин

Туындылары


Тәртіпсіз лақ.

Кеш. Аулада, терек саясында кітап оқып отырғанмын. Кенет тарс – тұрс дыбыс шығып, басымды көтердім. Қарасам, көршімнің біріншіде оқитын баласы кішкентай ақжағал лақты қуып жүр.
Бір кезде жетті – ау лаққа. Мүйізінен ұстап алып, басқа төпелеп жатыр.
Үйден әжесі шықты.
- Әй, Тәлтай! Ұрма лақты!
Айқайға алаңдаймын деп, Тәлтай лақтан айырылып қалды. Төніп келген әжесінен қашпай тымыраяды.
- Неге ұрасың ой, тәртіпсіз?!
- Лақ тәртіпті ме? Неге еккен ағашымды құлатады?
Қараймын, әлгінде ғана терезе алдына еккен өрімталы қисайып жатыр. Оны көрген әжесі: - Жә, екеуің де оңып тұрған жоқсыңдар, - деп қолын бір сілтеп, жөніне кетті.
- Маған ұрсады, лаққа ұрыспайды, - деп бұртаңдаған Тәлтай құлаған талын тұрғызып жатыр.