Сарыбаев Қаныбек

Туындылары


СЫР

Дүниеге адам боп көрінген күн,

Жанға көнбей іңгәлап егілгенмін.

О, достарым азғантай өмірімде

Талай жылап, талай мен көңілдендім.


Мәтінді толық оқу



ЖҮРЕК, ЖҮРЕК

Жүрек! Жүрек! Екі етпен үкіміңді,

Жеткізейін жаһанға құт үніңді!

Тек қана сен жаңылма соғуыңнан,

Тек қана сен жоғалтпа бұл күнімді.



ШЫРША

Өткерді ол жалын жаздың аптабын,

Қыстың дүлей құйындатқан ақпанын.

Тұла бойын тұрса-дағы мұз қаптай.

Төзді соның бәріне де міз бақпай!

Адаммын ғой! Сол шыршадай жоқпын ба?!

Саспаймын мен салса да өмір көп сынға!!



ЖҰЛДЫЗДАР

Құлдилап көк ернеуден күн асқанда,

Әлемді әппақ ашық түн басқанда,

Кезекпен көк төсіне қадалды да

Жұлдыздар жарқ-жұрқ етіп күлді аспанда.


Көрінді бірі бұрын, бірі қалып,

Көрінді бірі күңгірт, бірі жарық.

Табиғат таң алдында түрленеді,

Шолпанның күміс шапақ нұрын алып.



ДАЛА САМАЛЫ

О, неткен қызық едің скен жерім,

Еріксіз ойға оралды өткендегім,

Есімде тұлымымды желкілдетіп

Бетімнен емірене өпкен лебің.


Тосады аспан алтын ай – табағын,

Ұйықтамай өлең буып шайқаламын.

Кеудемді кернеп кеткен сағынышты

Япыр-ай, қайтіп түгел айта аламын?!



ТҮРКІСТАН

Тынысы өзің ғана жүрегімнің,

Түркістан, құшағыңа күле кірдім.

Өмірмен таныстырған, табыстырған

Мені де мынау кербез гүл өңірің.


Мәтінді толық оқу



ӨМІР

Жар салып жалған саған күліп келдім,

Қайрылмас қанат етіп үміт бердің,

Алғы күн ағараңдап шақырды да

Уақытқа қарғып мініп жүріп бердім.


Мәтінді толық оқу



ОТАН

Онда мен сәби едім, бесікте едім,

Тек бақыт тұрғандай ед есіп лебін.

Әкемнің сезген жоқпын, есітпедім,

Соғыста өлгендігін кесіп демін.


Мәтінді толық оқу



ҚЫЗ ҚУУ

Қыздың асау жүрегін

Ұстау қиын табанда.

Сенің ұшқыр тілегің,

Қуып жету әмән да!


Жас жандардың көңілі

Қосылар тек теңессе!

Бойдақтардың өмірі

Шын қыз қуу емес пе?!



1  2