Сәрсен Бек Сахабат

Туындылары


ШЫНДЫҚ ЕМЕС


Болмасын деп қылаудай жалған мұнда,
Ақтамаққа өзімді алдандым ба?
Қайрылмадың, құлқым жоқ артық сөзге,
Жабырқаймын жанымда қалған мұңға.

Жақыныңнан күтпеген тосын қылық,
Бастапқыда үркесің сосын бұғып.
Маза бермей тырналап, кейде осқылап,
Көңіліңді қояды шошындырып.
Алау – жалау сезімнің басы қатып,
Сап көңілім сен де енді тасыма түк.
От көңілім білмедім сол қашанғы,
Мұңмен сені қоямын асыратып,
Таба да алмай ойыңның түпкі арнасын,
Білгем,білгем: бұл мұңның құтқармасын.
Кінәнің де ауырын маған аудар,
Мен татпаған тірлікте түк қалмасын.

Кермекті мен өшігіп қоймай татқам,
Қалып қойдым ұмада бойлай тартқан.
Жалғаны жоқ, бірақ сол үрпек сезім,
Шындық емес, оны өзім ойлап тапқам!



 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу