Сәрсен Бек Сахабат

Туындылары


ТАҢ


Жылыстайды жым-жылас қараңғы үркіп,
Құзар шыңда шаңқылдар бала бүркіт.

Үйірінен адасқан шағаладай
Ай қалыпты, жұлдыз жоқ баданадай.

Шырынынан келмейді тартынғысы,
Шын тамсанса шамалар парқын кісі.

Ойды түрткен көңілде жарасымда,
Уыз тартқан өмірде жарасымды.
Таңнан тұрып тырбанса талабы артық,
Тәңірім иіп бола гөр қарасымды.

Ай да тозып барады,
Көп ұсталып кетілген...
Күндер озып барады,
Келім және кетіммен.

Жетекке еріп жетілгем,
Тік бойладым ұйыққа.
Қайтем, кері шегінгем,
Тіркелген соң тұйыққа.

Қинай берер мұнша бұл,
Тірлік мені кемірдің.
Құрдым түбі құр шағыл,
Келе қоймас еліргім.

Енді алаңсыз бөстің-ау,
Езілме тек, ес қайда.
Тәнім аман, денім сау
Есіркеді ескі айда.

Қит еткізбей қалайда,
Құтырынды жел үдеп.
«Жарылқа,-деп –жаңа айда,»
Қойдым сосын күбірлеп.