Сәрсен Бек Сахабат

Туындылары


ЫМЫРТ


Бұйра самал аймалап омырауын,
Бұйғады салқынға қоңыр ауыл.

Батар күннің ең соңғы жолақтары,
Көкжиекке қалбақтап қонақтады.

Жусан иісі бұрқырап шаңға батқан,
Асығады салғырт кеш хжарқабақтан.

Құлаққа ұрған танадай жым-жырт қана
Бесіндегі шөл қысқан қызғылт дала,
Тыным таппай тыныстап алып төсі
Қимылдайды күңгірт көз ымыртта да.