Орынбай Шойбек

Өмірдерек


Шойбек Орынбай 1953 жылы 7 мамырда Сарыағаш ауданы «Жібек жолы» ауылында туған.
Сарыағаш аудандық, Көкшетау, Оңтүстік Қазақстан облыстық, республикалық «Егемен Қазақстан» газеттерінде қызмет істеген. Қазір тәуелсіз басылымдарға редакторлық етіп, басқаруға ат салысып жүр.
Жазушының «Арман қанатында», «Сарыағаш саздары», «Шырғалаң», ұжымдық жинақтарында әңгіме, повестері жарияланған. «Өмір деген осындай», «Тозаңды терезе», «Сыңарқұлақ», «Сана», «Шапағат мен мейірім», «Әміршінің әлегі», «Қара азбанның қателігі», «Бүгінгі заман ертегілері», деген жеке жинақтары жарық көрген. «Қайғы заман немесе Төле би тағдыры» деген роман диологиясы оқырмандар қолына тиді.
Мархабат Байғұтпен бірігіп «Қарлығаш әулие Төле би пьесасын » жазды. Шымкентте тұрады.
1987 жылы «Жалын» журналы мен республика Ішкі ісетр министрлігі бірігіп жариялаған жабық бәйгеде «Қателік» атты детективті повесі жүлделі орынды жеңіп алды. Жалпы «Жалынның» шытырман оқиғалы шығармаларға арнаған жабық бәйгесінің екі дүркін жеңімпазы.

Ш. Орынбай «Ғасыр-Ш» баспасының директоры қызметін атқарған, қазір «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газетінің арн,айы тілшісі.

Жұбайы Асхан Майлыбаева облысқа белгілі журналист, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газеті редакторының орынбасары. Асхан Қожакелдіқызының да ақындығы бар. Ұлы Арнұр – заңгер, ұлы Шапағат - әнші, сазгер, КТК телеарнасында жұмыс істейді. Қызының есімі – Айнұр.



 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу