Тұрсынай Оразбаева

Туындылары


ТӨЛЕ БИДІҢ ҰРПАҒЫМЫЗ
(Әні Сүгірәлі Сапаралиевтікі)


Елдің ойлап бірлігін,
Берекелі тірлігін,
Пайғамбардай көреген бабаларым,
Берік құрған қазақтың іргесін.
Даналардың данасы,
Ақылгөйлер ағасы,
Заманының заңғары – ер Төле би,
Мәңгі жасар нұрлы есім, нұрлы есім.

Қайырмасы:
              Елдікке бастар,
              Ерлігі асқар –
              Бабалармен жарқырап тұр таңымыз,
              Төле бидей дананың ұрпағымыз.

Қиын-қыстау кезеңде,
Қуат беріп сөзі елге,
Қорған болған айбынды бабаларым,
Татулықтың танытқан қасиетін.
Сөйлер сөздің шешені,
Кемеңгерлер көсемі,
Әділеттің өзіндей Төле бидің
Ардақтаймыз Құрандай өсиетін.

(Қайырмасы)