Тұрсынай Оразбаева

Туындылары


ГҮЛ СЕЗІМ


Сөзі: Т. Оразбаева
Әні: Е. Хасанғалиев

Өмірде тағдыр айдап
Кездестім өзіңменен
Кезім бұл бал-бұл жайнап
Қайғы-мұң сезілмеген

Тұңғиық көзіңдегі
Бөлендім шапағатқа
Бұл нәзік сезім бе еді
Бұл әлде махаббат па?

Көңілдің алып ұшқан
Шаттығын жасыра алмай
Жандардай сағынысқан
Жалындап басыла алмай

Келеді құшақтағым
Келеді еркелегім
Ешкімге ұқсатпадым
Не деген көркем едің?

Бейнеңе елжіреген
Тым ұзақ жаутаңдадым
Жанымның мөлдіреген
Сырларын айта алмадым

Тұңғиық көзіңдегі
Бөлендім шапағатқа
Бұл нәзік сезім бе еді
Бұл әлде махаббат па?