Эльмира Омарбекова

Бір ауыз сөз


Бақытты күту үшін үміттен бұрын сенім керек.



Ерік адамға күш береді,сонымен қатар ой да.



Армансыз адам құл да бола алмас.



Арық ит аңшының серігі.



Жыртқыш аңға тұяқ емес, тырнақ біткен.



Жалқаудың жұмысы ұйқы.



Ерін сүйген әйел әрқашанда жас.



Әйел мен ерді, ерді –зайыптыларды бір адам ғып көру қате.



Ердің билігі ұлылыққа, әйелдің билігі құрдымға.



Адам сыналғанда мінсіз.



Ерлі-зайыптыларға қыл көпірде біреу.



Әйел баласын сыйлаған ер сері.



Көрпенің ауыры ұйқы қашқанда білінеді.



Әйелінің қадірін білген ер,

алдымен анасының  қадірін білген ер.



1  2  3  4