Эльмира Омарбекова

Туындылары


ШЫҒАРМЫН ЖАУҚАЗЫНДАЙ
ТАСТЫ ЖАРЫП


Жұрт сүймес сөйлегенді бостан-босқа,
Жақсылықты қайырсыз жаннан тоспа.
Дүниеде әр нәрсенің өз орны бар,
Жең деген етек емес артық қоспа.

Тірліктен көп із көрдім сен көрмеген,
Істерім де аз емес меңгермеген.
Тағдырдың талқысына түскеннен соң,
Жүрегін біздей бейбақ, емдер немен,

Ескерместің есігі ашылды ма?
Өңкей білмес сөзін бос асырды ма?
Көрінбейтін болып жүр шын асылдар
Қалың тобыр жүздерін жасырды ма?

Қолынан түк келмейтін болдық қаріп,
Бостан-бос өтіп жатыр уақыт қарып.
Келгенде көңіліме нұрлы көктем,
Шығармын жауқазындай тасты жарып.