Иса Омар

Өмірдерек


Ақын Иса Омар 1958 жылы 26 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, «Алтынтөбе» кеңшарындағы «Қаржан» ауылында туған. Қазығұрт ауданындағы Чкалов атындағы орта мектепті бітірген. Ол – кәсіпқой журналист. ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1981 жылы Торғай облыстық «Торғай таңы»газетінде бастаған. Шымкент қаласында «Оңтүстік Қазақсан» газетінде тілші, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1990 жылы «Жас даурен» (Замана) атты тәуелсіз газет ашты. 1993-97 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы, әрі «Оңтүстік-ақпарат»атты ақпараттық агенттік құрды. 1998 жылы (Замана) апталық тәуелсіз газетін қайта ашты. Сонымен бірге «Қызық газет», «Ерекше журнал» басылымдарының бас редакторы қызметтерін атқарды. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Оңтүстік Қазақстан журналистер ұйымы басқармасы алқасының мүшесі. Журналист-жазушы Иса Омардың бұған дейін бірнеше прозалық және публицистикалық кітаптары жарық көрген. Оның шығармалары орыс, өзбек және қырғыз тілдеріне аударылған.
Марапаттары:Қазақстанның құрметті журналисі төс белгісінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы.
Қазіргі кезде «Замана» баспа үйінің бас директоры және «Замана » газетінің Бас редакторы қызметінде.



 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу