Олжабай Сабырбек

Асыл сөз


Ақын – ел ырысы. Ол елін арқа тұтып, туған жерін тұғыры санайды. Еліне сыйынып, жеріне сүйінеді. Ұлылықты, асыл қасиетті сол тұғырдан алады. Халқының қамы үшін қабырғасы қайысады. Тілі үшін тас түнекке түсуге дайын.
Ақынға арынды да азулы болу ләзім.



Журналистика – аттың жалында, түйенің қомында жүріп қызмет ететін сала. Араның бал жинағанындай бұл жұмыстың өзіндік қиыншылықтары да бар. Еліміздің үшінші қаласы саналатын Шымкенттің тыныс-тіршілігінен оқырманды хабардар етіп, саяси-мәдени, әлеуметтік өмірдегі жаңалықтардың нәрін қалқып беріп келеміз.



Қоғам мен саяси өмірде болып жатқан жаңалықтарды әр азаматтың назарына толыққанды жеткізу журналисттің кәсіби парызы. Сол ақпаратты бұрмалаусыз, мән-мағынасын терең түсінумен зерделі түрде, азаматтық адал көзқараспен. Отаншылдық биік сезім принциптерін ұстаным етіп ала отырып, оқырманға ұмытпауымыз керек. Сондықтан әрбір материал шындыққа суарылып, өткір жазылуы тиіс деп санаймын.



Журналист деген халқтың қамын, мұңдының мұңын мұңдайтын шынайы шындық туы.



Әйел-ана, бауырынан түледік,
бар жолына қоймаймыз ба гүл егіп.



Жалқаулық – жұт болады, Еңбекқорлық – құт болады.



Қазақ сатирасының қабырғасын қатайтып, өзімше соқпақ салу – арманым.



Жаһандану деген жаналғышқа жұтылып кетпей, өр бабаларымыздың сара жолын сақтап қалайық. Қазақ екенімізді ұмытпайық.



Менің атым Қожа атты кітаптың Оллаһи-биллаһи, ақын болсам деген арман маған бастауыш кластарда-ақ ұялады деп басталатын жолы есіңізде ме?