Олжабай Сабырбек

Туындылары



«САУ БОЛЫҢЫЗ!» (әңгіме)


Мәтінді толық оқу





ЖЕЗДЕ ҚОНАҚ (сықақ әңгіме)


Мәтінді толық оқу





ӨТКЕН ҒАСЫРДАН КЕЛГЕН АДАМ (Бүгінгі сатира)


Мәтінді толық оқу





ДАРИЯ: Хикаят


Мәтінді толық оқу



Бас айыпкер – бие



Қазы айыпкерге қарады,

(Жыбырлағандай болды тамағы.)

- Биені ұрлағаның рас па?

- Жо-жоқ, қазы,

Өтірік айтсам, үзіліп түссін жұлыным,

Мен адасып құалыпты-ау деп биенің

Үйге әкеліп едім құлынын.

- Е, онда саған жабылыпты босқа күйе,

- Басты айыпкер

Үйге рұқсатсыз келген бие.



Е, бәсе !



- Әй, қалай тапсырдың емтиханды?

- Беске !

- Сен өйтіп бөспе.

Кеше ғана «дайындығым нашар» деп,

Еңіреп жылап отыр едің.

Әкеңнен қыңқылдап,

Бірдеңе сұрап отыр едің.

- Рас, еңірегем,

Әлі де көзімнің алды дымқыл емсе пе?

Мені емтиханнан сүріндірмей өткізген,

Сол қыңқыл емес пе?

- Қыңқыл мен адам баға ала ма ?

- Сіз де түк түсінбейді екенсіз,

Қазір қалтаңда доллар болмаса,

Емтиханға бару деген далбаса.

Мен де курстастарым сияқты,

Сынақ кітапшамның ішіне

100 доллар салып бардым.

Ағайым мұндайды күтпеген екен,

Көзі аларып талып қалды.

Есін жиған соң есінеп,

Сынақ кітапшама ұмтылды.

Өзім де болып кеттім біртүрлі.

Енді әкемнен көрімджік алам,

Міне, зачетка, сенбесе.

- Е, бәсе!..



Е, жоға !



- Жаңа бастығың қалай?

- Бас мамандардан ет жеп жүр.

- Сен де шақырған шығарсың?

- Е, жоға !

Сондықтан маған «кет» деп жүр.



Жеп қойды.



- Таразым тура, адалмын,

Алыңдар менен, - деп қойды.

Бір килограмм алмадан,

200 грамм жеп қойды.



Неге бізге жат ыстық?



Тіліміз де – батыстық,

Діліміз де – батыстық,

Биіміз де – батыстық,

Күйіміз де – батыстық,

Киім түгел батыстық,

Айтыңдаршы, ағайын,

Неге бізге жат ыстық?



Соңғы қоңырау

қарсаңындағы сұхбат



- Бұл күнді директор күтпеген болар текке,

Бәлкім шәкірттерін қимайды.

- Жоға, бұрынғы шәкірттері мектепке,

Көп-көп сыйлық сыйлайды.



Қарсы майдан



Мұғалім :

- Мына жайға қараңыз,

Терезені сындырып қойды балаңыз.

Орнына қайта салдырып беріңіз,

Келсе егер шамаңыз.

Әкесі :

- Әңгімені айтасыз-ау қызық қып,

Баламызды жібердіңдер бұзық қып.

Теңге жинатасыңдар, тоқта, бәлем,

Осының бәрін қосып сотқа берем.



Үзілісте



Үнемі «темекі зиян» деп жүретін,

Біздің ағай епті.

Үзілісте шәкіртінен

Шылым сұрап шекті.



Әнші



Әнші залдағы жалғыз кемпірді көріп,

- Әже, әнім тек сізге ұнады ма?- деді.

Кемпір : «Мынау орындық менікі еді,

Әнін айтып болса орнынан тұрады ма?» - деді.



«Гүл мен шеңгел»



Мәтінді толық оқу



«Қызғалдақ ғұмыр»


Мәтінді толық оқу



«Хадиша. Ағам және мен.»


Мәтінді толық оқу



ЖЕТІМ ЖҮРЕК (Әңгіме)


Мәтінді толық оқу



ҚАРАТҮНЕК ТҮН ЕДІ... (Әңгіме)


Мәтінді толық оқу



МҰХИТ АСЫП КЕЛГЕН ҚЫЗ (Әңгіме)


Мәтінді толық оқу



ЖОТАДА ҚАЛҒАН ЖОЛ ЕДІ... (Әңгіме)


Мәтінді толық оқу



ЖАРҚ ЕТІП ЖОҒАЛҒАН БЕЙНЕ (Новелла)


Мәтінді толық оқу



АСПАЛЫ КӨПІР


Мәтінді толық оқу



СОЛ БІР ҚЫСҚЫ КЕШ (Әңгіме)


Мәтінді толық оқу



БАЯҒЫДА ҰРЛАНҒАН БАҚЫТ (Новелла)


Мәтінді толық оқу



1  2