Олжабай Сабырбек

Өмірдерек


       С. Д. Олжабай 1957 жылы 24 наурыз күні Бөген ауданы «Шалдар» кеңшарында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін сырттай бітірген.
       С. Олжабай еңбек жолын Созақ аудандық «Молшылық үшін» газетінде әдеби қызметкер болып бастап, редактордың орынбасары қызметіне дейін көтерілді. 1993 жылы «Оңтүстік Қазақстан» газетіне қызметке ауысты. С. Олжабай «Шымкент келбеті» қалалық газетінің Бас редакторы қызметінде болды. Қазір газеттің бас редакторының орынбасары қызметінде.
       Танымал сатирик Сабырбек Олжабай 1986 жылдан Журналистер одағының мүшесі. ҚР-сы Жазушылар Одағы жанындағы «Найзагер» қауымдастығының мүшесі, «Алтын қауырсын» сыйлығының иегері, 2005 жылдың қорытындысы бойынша облыстың ең үздік жазушысы номинациясының, ҚР Жазушылар Одағының облыстық филиалы белгілеген Садықбек Адамбеков атындағы сыйлықтың лауреаты, қоғам және мемлекет қайраткері Т. Рысқұловтың туылғанына 110 жыл толуына орай өткізілген «Тарих. Тағылым. Тұлға» атты республикалық байқаудың 1 орын иегері, ОҚ Журналистер Одағы тағайындаған Юрий Кунгурцев атындағы («Үздік публицистика») 2006 бәйгесінің лауреаты.
       2013 жылғы ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ атындағы сыйлығының лауреаты.
       Ресейдің Халықаралық психология академиясының Құрметті мүшесі.



 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу